Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстандағы жобалар

12/05/2016 - 11:31
Cooperation

Осында Қазақстандағы адам құқығы, білім беру, энергия, көлік және қоршаған ортаны қорғау секілді салаларда ЕО қолдауындағы жобалар бойынша ақпарат берілген.

Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстанмен және Орта Азиядағы басқа елдермен ынтымақтастығы Орталық Азияға көмектесуге қатысты Аймақтық стратегия құжатына негізделген. Осы стратегия құжаты бойынша аймақтық бағдарламалар мен ел негізіндегі жобалар үшін 719 млн. Еуро инвестиция бөлінді.

Қазақстанда ЕО ынтымақтастығы басты назарды әлеуметтік және экономикалық дамуға және мемлекет пен әкімшілікті қайта құруға аударады.

Сонымен қатар, ЕО дамуы гүлденген демократиялық әлеуметтің қалыптасуы үшін өте маңызды институттармен және олардың арасындағы алмасуларды қалай орындау керектігін үйретеді. Институттар, университеттер, жеке сектор ұйымдары және азаматтық әлеумет мекемелері ЕО қолдау көрсететін жобаларға қатысушылардың арасында.

Аймақтық өркендеу

Еуропалық Одақтың Қазақстанға беретін көмегі және Қазақстанның қатысуымен жүзеге асырылатын аймақтық бағдарламалар ЕО-Орталық Азия: Жаңа серіктестік стратегиясы бойынша айқындалатын алты басым салаға бөлінеді:

  • Адам құқықтары, заңдылық, биліктегі тәртіп және демократизациялау
  • Болашақтағы инвестициялар: Жастар және білім
  • Экономикалық дамуды, сауданы, инвестициялауды және әлеуметтік дамуды ілгерілету
  • Энергия және көлік байланыстарын күшейту
  • Қоршаған ортаны қорғау және су мәселесі
  • Жалпы қауіп-қатерлермен және қиындықтармен күресу.
     

Ағымдағы жобалар

 

ЕО-Түрікменстан екіжақты ынтымақтастығы

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мемлекеттік қаржыны басқару, Мемлекеттік басқару реформасы, білім беру және ауылшарушылық азық-түлік өнімдерін өңдеу мен маркетингін қолдау салаларын қамтитын Түрікменстандағы ЕО қаржыландыратын бағдарламаларын басқаруға жауапты. Жобалар туралы қосымша ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://eutap.tm/about/

Editorial Sections: