Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстандағы ЕО Өкілдігі туралы

12/05/2016 - 11:31
About us - structure and organisation

Осында Қазақстандағы ЕО Өкілдігі (қызметі, басшысы және кеңсесі) туралы ақпарат берілген.

Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі1994 жылы ашылды. Алғаш кеңсе Алматы қаласында орналасып, Орталық Азиядағы тұңғыщ ЕО Өкілдігі болды.

2007 жылы Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің бас кеңсесі мемлекеттің жаңа ордасы – Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді. Алматыдағы кеңсе 2010 жылғы 1 қарашада жабылып, оның барлық қатысты қызмет орындары Нұр-Сұлтанға көшірілді.

Өкілдіктің қызметі:

  • Қазақстандағы ЕО мүдделерін қорғау:
  • ЕО елдерінің елшіліктерін біріктіру;
  • Саяси ынтымақтастық, экономика, сауда және сыртқы көмек сияқты салалардағы қарым-қатынастарды әсіресе ЕО-Қазақстан Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімін қолдану арқылы дамыту.
  • ЕО саясаттарын барлық салаларда әсіресе ЕО-Орталық Азия: Жаңа серіктестік стратегиясы арқылы жүзеге асыру;
  • ЕО құндылықтары мен мүдделерін алға қою және айқындау;
  • Хабардар болуды және ЕО туралы түсінуді қолдау және нығайту.

 

Құрметті қонақ,

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің вебсайтына қош келдіңіз! Осы вебсайт ЕО барлық жаңалықтары және ЕО институттары мен саясаты туралы ақпаратты жылдам қолжетімді етіп, сонымен қатар ЕО пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар саласында болып жатқан барлық оқиғаларды, сондай-ақ біздің Өкілдіктің рөлі мен қызметін жариялайды.

Қазіргі уақытта ЕО-ның әлемдік сахнадағы рөлі, әсіресе 2009 жылы желтоқсанда Лиссабон шартының күшіне енуі және Еуропалық сыртқы істер қызметінің құрылуынан кейін, арта түсті. Аталған өзгерістер арқасында бірауыздан үн қатысып, әлемдік әріптестермен тірлік етіп жатқан әлеміміздегі сын-қатерлерді шешу жолындағы ынтымақтастықты нығайта аламыз.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан өзінің тығыз әріптестігін мемлекет тәуелсіздік алған кезінен бастады. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды. Осыдан бастап сауда, экономика, көлік және қоршаған орта сияқты салалардағы біздің ынтымақтастығымыз жыл сайын кеңеіп, нығаюда. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторы мен сауда әріптесі болуы айрықша маңызды жетістік. Оған қоса, ЕО білім, ғылыми зерттеулер, азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы жастарға арналған жобаларды қаржыландыруда.

2015 жылдың 21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) – ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастар негізін айқындайтын негізгі құжат. Келісімнің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырдан бастап уақытша жүзеге асыру үрдісінде, әрі 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы экономика, қаржы, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, әлеуметтік қатынастар,  мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты.

Аталған вебсайт ақпараттың бағалы көзі болатынына және ЕО пен Қазақстан арасындағы қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Сізге вебсайтымызға қызығушылық білдіргеніңіз үшін алғыс білдіре отырып, егер де ескерту немесе сұрақтарыңыз туындаса, біздің Өкілдікпен байланысуыңызды өтінемін.

 

Ізгі ниетпен,

Свен-Олов Карлссон

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы

Өкілдік Басшысы

Елші Свен-Олов КАРЛССОН

Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы

Золтан САЛАИ

Сауда мәселелері жөніндегі бөлім басшысы

Рамунас ЯНУШАУСКАС

Ынтымақтастық бөлімінің басшысы

Йоханнес СТЕНБАЕК МЭДСЕН

Қаржы және келісімшарттар бөлімінің басшысы

Мишель ВАН ХЭК

Әкімшілік бөлімінің басшысы

Тина-Мария СЕНИОР

Өкілдік басшысының ассистенті

Йолита ИЛИЕВА-МОРИСО

Editorial Sections: