Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Маңғыстауда "Әлеуметтік жобаларға өтінімдерді дайындау" атты мастер-класстар өтті

Ақтау, 03/12/2021 - 05:05, UNIQUE ID: 211203_1
Press releases

Ақтау – "Әлеуметтік жобаларға өтінімдерді дайындау" тақырыбы бойынша екі күндік мастер класстар "Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің жүзеге асыруымен Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Батыс Қазақстан-қоғамдық қатысу мектебі" жобасының шеңберінде 2-3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды.

Мастер-класстар 40 қатысушыға, үкіметтік емес ұйым өкілдері, бастамашыл топтар мен белсенді азаматтарға арналды. Мастер класс қатысушылары жобалық өтінімдердің құрылымымен танысты, жобалық өтінімдерді жазуды, мемлекеттік және мемлекеттік емес донорлардың талаптары бойынша бюджетті құруды үйренді. Сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік есепті тапсыруды меңгеріп, донорларға есептер жасақтауды және салық есептерінің нысандарын толтыру және т.б бойынша білімдерін арттырды.

Бұл мастер класстар жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету және жергілікті қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыратын мемлекеттік ресурстарды бөлу арқылы Батыс Қазақстанның ауылдық аудандарында өмір сүру сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. ЕО қаржыландыратын жиырма төрт айлық жоба Қазақстанның үш өңірінде жүзеге асырылуда: Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының өкілі, Айнур Кублановаға

тел./факс 8 (7292) 30 37 84; 8 701 649 50 67, gamo_aktau@mail.ru

ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің Коммуникациялар бойынша басқарушысы Эльнура Абакановаға

e-mail: elnura.abakanova@eeas.europa.eu

Editorial Sections: