Delegation of the European Union to Kazakhstan

ЕО мен Қазақстан Ұлттық су саясатының күн тәртібін және халықаралық ынтымақтастықты талқылады

26/11/2021 - 05:02
News

Нұр-сұлтан, Қазақстан-су саясаты туралы ұлттық диалог жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жетінші отырысына дайындық бойынша жұмыс тобының кеңесі Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мырзаның төрағалығымен гибридті форматта өтті.

Нұр-Сұлтан, Қазақстан су саясаты туралы ұлттық диалог жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жетінші отырысына дайындық бойынша жұмыс тобының кеңесі Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мырзаның төрағалығымен гибридті форматта өтті. Іс-шараға Қазақстанның сарапшыларын, халықаралық ұйымдардың өкілдерін және Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы өкілдігін қоса алғанда, негізгі ұлттық мүдделі тараптар қатысты.
 
Қазақстанда су саясаты бойынша ұлттық Диалогтар 2013 жылдан бастап ЕО, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізіліп келеді. Диалог су ресурстарын интеграцияланған басқару рухында көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен салааралық ортада қазақстандық су саясатын талқылау алаңы болып табылады.
 
Жұмыс тобы гидротехникалық құрылыстардың мәртебесін, суармалы аумақтарда су үнемдеу технологияларын қолдануды, сондай-ақ трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелерінде көрші елдермен ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанның су саясатының күн тәртібін талқылады.
 
Кездесу барысында сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан кейін су ресурстарын тұрақты басқару, сондай-ақ қауіпсіз және әділ сумен жабдықтау және санитария мәселелерін қалпына келтіру жоспарларында есепке алудың маңыздылығы талқыланды. Осыған байланысты ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсен мырза: "таза су мен гигиенаға қол жеткізу COVID-19 пандемиясымен және басқа да жұқпалы аурулармен күресте шешуші мәнге ие. Су секторына салынатын инвестицияларға бірінші кезекте назар аударып, олардың көлемін ұлғайту қажет. Еуропалық одақ Қазақстанға су саясатын әзірлеу мен іске асыруда, сондай-ақ пандемиядан кейін неғұрлым тиімді қалпына келтіру үшін осы секторға инвестицияларды жұмылдыру процесінде қолдау көрсетуді жалғастырады"- деп мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, қатысушылар ЕО қаржыландыратын "Еуропалық Одақ-Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық (WECOOP) және Қазақстанның су және денсаулық мәселелері жөніндегі ДДҰ/БҰҰ ЕЭК хаттамасына қосылуының ағымдағы мәртебесі туралы" жобаның қызметі туралы хабардар болды.
 
Кездесуді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ЕО қаржылық қолдауымен және БҰҰ ЕЭК, ЭЫДҰ және халықаралық суды бағалау орталығының (ХСБО) техникалық қолдауымен ұйымдастырды.
 
Анықтамалық ақпарат: «Орталық Азияда Еуропалық Одақтың Су бастамалары «Су саясаты жөніндегі Ұлттық Диалог (ССҰД)» жобасы (2019 ж. қыркүйек – 2022 ж. қыркүйек), ЕО қаржыландыратын және ЭЫДҰ-мен бірігіп БҰҰ ЕЭК іске асыратын, тұрақты дамуды қолдау үшін Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын интегралды басқаруды және су қауіпсіздігі үшін салааралық үйлестіруді ұлттық деңгейде жақсартуға бағытталған. Жоба ЕО қаржыландыратын "Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық" (WECOOP) жобасы шеңберінде іске асырылуда.
 
Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰ ЕЭК ортаны қорғау бойынша қызметкері Александр Белокуровқа хабарласуыңызды сұраймыз, эл.пошта: alexander.belokurov@un.org, Іс-шаралар мен коммуникацияларды ұйымдастыру жөніндегі координатор Нұргүл Смағұловаға, WECOOP, эл.пошта: nurgul.smagulova@wecoop.eu, моб./ WhatsApp: +77012066760, Эльнура Абаканова, байланыс жөніндегі үйлестіруші, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі, эл.пошта: elnura.abakanova@eeas.europa.eu.
 
 
Editorial Sections:

Author