Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО жобасы «Орталық Азиядағы Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасы бойынша саяхат» атты тұрақты туризмді дамыту бойынша бағдарламасын іске қосты

10/09/2021 - 05:39
News stories

АЛМАТЫ – 2021 ж. 6 қыркүйек жұлдызында Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО Орталық Азия елдері мен Иранда іске асырылатын «Орталық Азиядағы Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасы бойынша саяхат» бағдарламасын іске қосты.

WHJ UNESCO
АЛМАТЫ – 2021 ж. 6 қыркүйек жұлдызында Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО Орталық Азия елдері мен Иранда іске асырылатын «Орталық Азиядағы Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасы бойынша саяхат» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама әлеуетті күшейтуге және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған, тұрақты туризмді басқару бойынша трансшекаралық деңгейде бірлесіп жұмыс істеу үшін Дүниежүзілік мұра орталығы мен қатысушы елдердің ұлттық туризм басқармаларының күш-жігерін біріктіруге көмектеседі. Бағдарламаның нәтижесінде трансшекаралық бағыттар топтамалары әзірленеді, олар World Heritage Journeys ЮНЕСКО-ның тұрақты туризм жөніндегі платформасында орналастырылады. Бұл бастама өңірге жергілікті және халықаралық туристерді тартуда және Дүниежүзілік мұра нысандарын танымал етуде маңызды рөл атқарады.
 
Бағдарлама Еуропалық Одақ пен ЮНЕСКО-ның «Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы және Ирандағы Жібек жолы мұрасының дәліздері – Еуропа мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері» атты әріптестік жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
 
Көптеген елдерде туризм негізгі табыс көзі, халықтың жұмыспен қамтылуы өсуінің негізі болып табылады. Бұл мемлекеттердің экономикалық дамуына мүмкіндіктер ашады, алайда туристік саясат дұрыс жүргізілмесе, Дүниежүзілік мұра объектілері зиян шегуі мүмкін.
 
Сондықтан бұл бастама Жібек жолының Мәдени мұрасы дәліздерінің құндылығын арттыруды қолдауға, тәжірибе және озық практикалар алмасуға, туризм саласындағы дағдылар мен білімді арттыруға арналған. Сонымен қатар, бұл бағдарлама пандемия келтірген шығыннан кейін қатысушы елдердегі тұрақты туризмді қалпына келтіру және қолдау мақсатында әзірленген. 
 
Covid-19 пандемиясының шектеулеріне байланысты бағдарлама 6 қыркүйектен бастап 30 қаңтарға дейінгі кезең аралығында онлайн форматта өтеді.
 
Бірінші сессия 2021 жылғы 9 қыркүйекте өтті және бағдарламаға, оқу платформасына және оқыту бағдарламасының мақсаттарына шолуды, сондай-ақ негізгі көрікті жерлер мен адамдардың қатысушы елдердің әрқайсысына және Дүниежүзілік мұра объектілеріне барғысы келуінің себептерін айқындауды қамтыды. Сессия спикерлері ретінде Solimar International Inc халықаралық кеңесшісі Крис Сик және Париждегі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығының туризмді тұрақты дамыту бағдарламасының өкілі Питер Дебрайнді қоса алғанда, халықаралық мамандар сөз сөйледі. Тренинг туризм және мәдени мұра саласындағы сарапшыларға арналды.
Editorial Sections: