Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі, Елші Терхи Хакала Қазақстандағы сапарын аяқтады

23/08/2021 - 13:25
News stories

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі, Елші Терхи Хакала сапары барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министр орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ҚР Парламенті Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіров, ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесулер өткізді.

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі, Елші Терхи Хакала Қазақстандағы сапарын аяқтады.

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі, Елші Терхи Хакала сапары барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министр орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ҚР Парламенті Сенатының вице-спикері Асқар Шәкіров, ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесулер өткізді.

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі үкіметтің басқа да өкілдерімен, соның ішінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимовамен, ЕО мүше мемлекеттерінің өкілдерімен, халықаралық дипломатиялық қоғамдастық пен халықаралық ұйымдармен ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аталған сапар барысында еліміздің БАҚ басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, азаматтық қоғам ұйымдары да өздерінің алдында тұрған маңызды мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды.

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі қазақстандық серіктестерімен өңірлік және жаһандық интеграцияны алға тарту мақсатында өңірлік әрі екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салалары бойынша диалогты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Бұл жерде басты назар аударатын бағыттар – мемлекеттің реформа және жаңғырту үдерістері, соның ішінде парламенттік ынтымақтастық, «жасыл» экономикаға көшу, климат өзгерісімен күрес, цифрландыру үдерісін жеңілдету, адам құқықтары мен бостандықтары, гендерлік теңдік.

Климат өзгерісімен күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану және шекараны басқару салаларындағы өңірлік диалог мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Елші Хакала Түрікменстандағы «Аваза» туристік аймағында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің нәтижесін құптап, айқындалған салалар бойынша ынтымақтастыққа ЕО-тың септігін тигізуге дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Хакала ханым аталған кездесу кезінде ұсынылған Президент Тоқаевтің бастамаларына жоғары баға берді.

ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы Өкілі қазақстандық тараппен Ауғанстандағы соңғы оқиғаларды талқылап, БҰҰ  Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын Алматы қаласында орналастыру туралы шешімді құптады.

Елші Хакала ҚР Президенті Ж.М. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңес төрағасы Ж.М. Шарль Мишельдің хатын табыстады. Аталған хатта Шарль Мишель Қазақстанды Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен құттықтап, Президентпен алдағы Брюссель қаласына сапары кезінде кездесуге дайындығын білдірді.

Кездесулер кезінде Елші Хакала 2021 жылдың қазан айына жоспарланған Алматы қаласындағы Азаматтық қоғам форумы туралы хабарлап, қазақстандық серіктестерді осы форумға қатысуға шақырды.

Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Коммуникация бойынша басқарушысы Абаканова Эльнура ханымға хабарласуыңызды сұраймыз,  эл.пошта: elnura.abakanova@eeas.europa.eu, @EUinKazakhstan

 

Editorial Sections: