Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстанның 51 студенті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасына қосылды

16/07/2021 - 10:47
News stories

Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесімен біріге отырып, Erasmus Mundus бірлескен магистрлік бағдарламалары бойынша шәкіртақы ұтып алған 51 қазақстандық студентпен оқуға барар алдында онлайн ақпараттық кездесу өткізді.

Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесімен біріге отырып, Erasmus Mundus бірлескен магистрлік бағдарламалары бойынша шәкіртақы ұтып алған 51 қазақстандық студентпен оқуға барар алдында онлайн ақпараттық кездесу өткізді.
 
Аталған кездесу кезінде Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза мен Erasmus+ ұлттық кеңсесі директоры Шайзада Тасболатова ханым студенттерге қолдау көрсетіп, тілектерін айтты.
 
Erasmus Mundus бірлескен шәкіртақылы магистрлік бағдарламалары аясында 51 жас қазақстандық студент келесі мамандықтар бойынша магистратурада білім алуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады: «бұлтты» есептеу, химиялық наноинженерия, инновациялық медицина, туризмнің дамуы және мәдениет, жаһандық даму саясаты, интеллектуалды  далалық роботтандырылған жүйелер және т.б..
 
Студенттер Франция, Испания, Финляндия, Италия, Бельгия, Португалия, Чехия, Эстония, Греция, Болгария, Австрия және т.б. сияқты 14 мемлекетте білім алатын болады.
 
«Біз ЕО ішінде ғана емес, серіктес мемлекеттерде де жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосу бойынша жауапкершілігімізді түсініп, оны өзімізге мәртебе санаймыз. Жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге инвестиция салу дегеніміз дағдылы және білікті жұмыс күшін құру арқылы жұмыссыздықты азайту екендігін біз жақсы түсінеміз. Сонымен қатар, бұл ЕО пен ЕО құрамына кірмейтін елдердің азаматтары арасындағы өркендеу мен бейбітшіліктің болашағы үшін негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын кеңейтілген ынтымақтастық арқылы білім, сараптамалық әлеует пен тәжірибе алмасуды дамыту керектігін білдіреді”, - деді Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза.
 
Онлайн кездесуге Қазақстандағы Еуропалық Одақтың бірқатар мүше мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері және Erasmus+ бағдарламасының түлектері қосылып, студенттерге сәттілік тілеп, сұрақтарына жауап берді.
 
Ақпараттық анықтама
 
Erasmus Mundus біріккен магистрлік дәрежелер (EMJMD)- бұл, кем дегенде, үш әртүрлі мемлекеттің ЖОО-ның консорциумы ұсынатын магистратурада оқудың жоғары сапалы кешенді бағдарламасы.  Қазақстан-ЕО ынтымақтастығы аясында қазақстандық студенттер мен оқытушылар Еуропада білім алу үшін шамамен 2000 шәкіртақы ұтып алса, 800-ге жуық еуропалық студент Қазақстанда оқу шәкіртақысына ие болды.
Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Коммуникация бойынша басқарушысы Абаканова Эльнура ханымға хабарласуыңызды сұраймыз,  эл.пошта: elnura.abakanova@eeas.europa.eu @EUinKazakhstan
 
 
 
 
Editorial Sections: