Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қазақстан мен Еуропалық Одақ білім беру саласындағы серіктестікті нығайтады

01/07/2021 - 07:44
News stories

Нұр-Сұлтан қ. - 2021 жылғы 30 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігі және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен білім беру саласындағы алғашқы Қазақстан-Еуропа серіктестік форумы өтті.

Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Алексей Волков, ЕО-ның 16 елінен дипломатиялық қызметкерлер, қазақстандық және еуропалық университеттердің 60-тан астам өкілдері, академиялық қоғамдастықтың сарапшылары қатысты.

«Интернационалдандыру білім беру мен ғылымның сапасын арттыру стратегиясы ретінде соңғы төрт онжылдықта білім беру саласындағы көптеген ұлттық реформалардың негізін қалады. Қазақстан үшін интернационалдандыру маңызды болып саналады, өйткені бұған студенттер мен оқытушылардың оралымдылығының өсіп келе жатқан деңгейі, халықаралық бағдарламалар саны, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейдегі университеттер арасындағы ынтымақтастық дәлел бола алады», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Іс-шараға қатысушылар жаңа талаптар жағдайында жоғары білімді дамытудағы жаһандық трендтерді, интернационалдандыруды кеңейту мәселелерін талқылады, ҚР мен ЕО университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту векторларын анықтады.

«ЕО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық бағдарламалар орталығының «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы сияқты Қазақстанның шетелдік білім беру бағдарламаларына ЕО оқу орындарының қатысуының қазіргі мәртебесіне назар аудару жөніндегі бастамасын қолдайды. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің білім беру жүйесінің зор әлеуетін ескере отырып, Еуропалық Одақ пен Қазақстан үшін серіктестіктің жаңа бағыттарын іздеу және ынтымақтасу маңызды», - деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы іске асырылған 27 жыл ішінде 11 000-нан астам жоғары білікті маман даярланды, олар елдің дамуына үлес қосып келеді.Ұсынылған жоо тізіміне сәйкес, «Болашақ» стипендиясы әлемнің жетекші университеттерінде оқу үшін тағайындалады, оған биыл әлемнің 207 жетекші университеті кіреді, оның 59-ы еуропалық 14 елден», - деп атап өтті Айнұр Кәрібозова.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс арқылы хабарласыңыздар:

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі,e-mail:press@bolashak.gov.kz, @bolashaq.cip

Қазақстандағы ЕО Өкілдігі, Коммуникациялар жөніндегі басшысы Эльнура Абаканова, e-mail: elnura.abakanova@eeas.europa.eu, @EuinKazakhstan