Орталық Азиядағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және қауіпті азайтуды жеделдету бағдарламасының Басқарушы комитетінің бірінші жиналысы

22.06.2021

АЛМАТЫ, 2021 ж. 3 маусым – Орталық Азиядағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және қауіпті азайтуды жеделдету (ҚТНАҚАЖ) бағдарламасының Басқарушы комитеті бағдарламаның мүдделі тараптарымен бірге өзінің бірінші жиналысын өткізді. ҚТНАҚАЖ бағдарламасы Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылады және Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығымен (ТЖАҚЗО) тығыз ынтымақтастықта екі нәтижелер саласы бойынша жұмыс жасайды.

Орталық Азиядағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және қауіпті азайтуды жеделдету (ҚТНАҚАЖ) бағдарламасының Басқарушы комитеті бағдарламаның мүдделі тараптарымен бірге өзінің бірінші жиналысын өткізді. ҚТНАҚАЖ бағдарламасы Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылады және Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығымен (ТЖАҚЗО) тығыз ынтымақтастықта екі нәтижелер саласы бойынша жұмыс жасайды. Нәтижелер салаларының біріншісін Біріккен Ұлттар Ұйымының Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасы (БҰҰ АҚАБ) басқарып, жүзеге асырса, екіншісін Табиғи апаттардың қаупін азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі жаһандық қор (GFDRR) басқарып, Дүниежүзілік Банк жүзеге асырады.

БҰҰ АҚАБ Сендай негіздемелік бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге және деректер жинау тетіктерін нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерге қатысты басшылық жасау, консультациялар өткізу және мониторинг жүргізу салаларында қолдау көрсетсе, GFDRR мен Дүниежүзілік Банк қауіп-қатерлерді анықтау мен қаржылық тұрақтылықты нығайту бойынша жүргізілетін жұмысқа жетекшілік жасайды.

Бұл бірінші жиналыстың басты мақсаты бағдарлама аясындағы іс-шаралар туралы соңғы ақпаратты беру және 2021 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын талқылау болды. Сондай-ақ, бұл басқосу жаһандық пандемия кезінде туған қиындықтарды және бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жиналған тәжірибе мен қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға мүмкіндік берді.

БҰҰ АҚАБ жоба іске қосылған сәттен бастап Орталық Азия елдеріне басты төрт бағыт бойынша қолдау көрсетіп келеді: DesInventar-Sendai жүйесіне бейімделген, апаттардың салдарынан болған шығындар туралы деректерді жинау мен талдаудың ұлттық жүйелерін құру; ұлттық үкіметтерге апаттардың қаупін азайту (АҚА) стратегиялары мен Ұлттық АҚА платформаларын әзірлеуде және олардың қолданыстағы нұсқаларын қайта қарауда қолдау көрсету; «Қалалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету-2030» бастамасы (Making Cities Resilient 2030 Initiative) арқылы өңірдегі бес елдің астаналарымен орнықтылықты бағалау мен апаттар қаупін азайтудың жергілікті стратегияларын әзірлеу саласында жұмыс жасау; және мақсатты қауымдастықтардағы халықтың осал топтарының тұрақтылық пен АҚА туралы хабардарлығын арттыру. Орталық Азия елдері арасындағы апат қаупін азайту саласындағы іс-әрекеттерді үйлестіруді қолдау маңызды жұмыс бағыты болып табылады.

Алдағы айларда БҰҰ АҚАБ осы төрт бағыт бойынша жұмысын жалғастырып, өңірдегі ұлттық және жергілікті билік орындарымен білімді, технологиялар мен әдіснамаларды беру бойынша жұмысты одан әрі қарқындатуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы мүше-мемлекеттермен COVID-19 індетіне ден қою және тұрақтылықты арттыру саласындағы тәжірибемен және озық жұмыс әдістерімен алмасу бойынша Мүше мемлекеттердің үнқатысуы өткізілгенін атап өту маңызды.

People during a videoconference

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен өзінің кіріспе сөзінде Орталық Азия елдерінің үкіметтеріне, атқарушы әріптестерге және мүдделі тараптарға олардың сындарлы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді. «Бұл – бағдарламаны іске асыруды басқаруды бақылау мен негіздеу және бағдарламаның тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылдау үшін қолданылатын реттеу тетігі», – деді ол өз сөзінде.

«Бұл жиналыс өте маңызды сәтте, біз COVID-19 індетінен кейін оңалып, экономиканы тиімдірек әрі экологиялық тұрғыдан тазарақ түрде қалпына келтіре бастаған кезде орын алып отыр. Еуропалық Одақтың қолдауымен қаржыландырылып жүзеге асырылатын «Орталық Азиядағы апаттарға қарсы тұрақтылықты нығайту және Апаттардың қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыруды жеделдету» бастамасы да өзінің орта межесіне жақындап келеді, сондықтан оның осы күш-жігерді қолдауы мен Сендай негіздемелік бағдарламасының басты мақсаты – қазіргі қауіп-қатерлерді азайтуға және жаңаларын болдырмауға үлес қосуы өте маңызды», – деді БҰҰ АҚАБ Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік бюросының басшысы Октавиан Бивол.

Дүниежүзілік Банк тарапынан жүзеге асырылып жатқан нәтижелер саласында қол жеткізілген екі межеге өңірдегі ынтымақтастықты ілгерілету үшін Орталық Азия елдерінің апаттар қаупін басқару жөніндегі сарапшылары мен билік орындарының өкілдерін біріктіретін Өңірлік ғылыми-техникалық кеңестің құрылуын және 2020 жылғы желтоқсанда бірнеше қауіп-қатерді назарға алатын тәуекелдерді бағалаудың басталуын жатқызуға болады. Алдағы 14 айдың ішінде «RED - Risk Engineering + Development» (RED) компаниясының сарапшылары жетекшілік ететін консорциумның қолдауымен Дүниежүзілік Банк жер сілкінісі, өзен және жауын-шашын себебінен болған су тасқыны мен сырғымаға байланысты апаттар қаупін аймақтық деңгейде бірізді ықтималды бағалауды жүргізуді жалғастырады. Оған қоса, Дүниежүзілік Банк қауіп-қатерге бейім аймақтардың карталарын құру және апаттар қаупі туралы ақпарат пен мен оның құрам бөліктерін әзірлеу/пайдалану саласында маңызды рөл атқаратын жергілікті сарапшылардың, мекемелер мен зерттеушілер топтарының әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жасайды.

COVID-19 індетіне жауап ретінде Дүниежүзілік Банктің жобалық тобы ЕО-мен үйлестіре отырып өз жұмыс жоспарын қайта құруға мәжбүр болды және жекелеген елдердің (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Өзбекстан) үкіметтері үшін әлеуметтік қорғау желісі тетіктерін нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге бастамашылық жасады. Сәйкес есептер билік орындарының өкілдері мен тиісті мүдделі тараптарға 2021 жылдың соңына қарай ұсынылады.

«Орталық Азиядағы ҚТНАҚАЖ бағдарламасы Дүниежүзілік Банктің өңірлік стратегиясының басты элементі болып табылады және ұлттық және өңірлік деңгейлерде қаржылық тұрақтылықты нығайту мен апаттар қаупін азайту саласында дерекқорлар мен әлеуетті нығайтудың іргетасын қалауға көмектеседі», – деді GFDRR Әкімшіліктік директоры Нильс Хольм Нильсен.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі мамандарға хабарласыңыз: Эльнура Абаканова ханым, Коммуникацияларды үйлестіруші, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, elnura.abakanova@eeas.europa.eu Абдурахим Мухидов мырза, БҰҰ АҚАБ Өңірлік бағдарламасының үйлестірушісі:muhidov@un.org  Чи-Юн Хуан ханым, Дүниежүзілік Банктің Қалаларды дамыту және апаттар қаупін азайтуды басқару жөніндегі аға маманы, chuang@worldbank.org