Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі

Қауіпке бейім активтер: Қазақстанда апаттар қаупін азайтуды жеделдетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру

22/06/2021 - 11:57
News stories

АЛМАТЫ, 2021 жылғы 11 мамыр – Бүгін «Орталық Азия үшін қауіп-қатерлерге бейімдік бойынша бірыңғай өңірлік дерекқорды құру жолында: Қазақстандағы ғимараттардың, ауылшаруашылық дақылдардың және инфрақұрылымның сипаттамасы» атты семинардың ашылу күні, ол 14 мамырға дейін күннің екінші жартысында лекциялар мен тәжірибелік дәрістермен виртуалды форматта өткізіледі. Оған Қазақстанның министрліктерінің, сондай-ақ ұлттық және өңірлік ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің, Еуропалық Одақ Өкілдіктерінің, Дүниежүзілік Банктің жұмыс топтары мен даму саласындағы басқа да халықаралық әріптестердің өкілдері болып табылады 60-тан астам саясаткерлер, сарапшылар мен практик мамандар қатысады.

Семинардың негізгі мақсаты – осы аймақта жиі болатын жер сілкінісі, су тасқыны мен сырғымалар сияқты әлеуетті жойқын табиғи апаттарға ұшырау қаупіне бейім болатын ғимараттар, инфрақұрылым мен ауылшаруашылық активтердің бірыңғай дерекқорын құруға негіз әзірлеу. Бұл тәуекелдерді бағалау бойынша мұқият зерттеу жүргізудің бастау орны болып табылады және тәуекелдерді бағалау нәтижелері сайып келгенде Орталық Азия елдері үшін қауіпті азайтудың тиімді стратегияларын айқындаудың негізін қалайтын болады. Бұл іс-шара аясында өңірлік ауқымдағы қауіп-қатерлер дерекқорын құрудың қолданыстағы әдіснамалары қарастырылып, түрлі кеңістіктік масштабтағы барлық қол жетімді деректер қатарларын оңтайлы пайдаланудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді және қашықтықтан зондтау мен ұлттық ауқымдағы деректер көздері талқыланады. Қиындықтарды еңсерудің және Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы деректерді үйлестіруге қол жеткізудің ұсынылған әдістеріне ерекше назар аударылатын болады.

Бұл – «RED (Risk Engineering + Development)» компаниясының жетекшілігімен жұмыс істейтін халықаралық сарапшылар консорциумы іске асыратын «Орталық Азияда қаржылық тұрақтылықты нығайту мен апаттар қаупін азайтуды жеделдету мақсаттарында өңірлік деңгейде бірізді жер сілкінісі мен су тасқыны қаупін бағалау және сырғыма сценарийлерін іріктеп талдау» атты жобаның шеңберінде әрбір елге бөлек назар аудара отырып жүргізілетін Орталық Азиядағы қауіпке бейімділікті бағалау жөніндегі бес семинар топтамасының алғашқысы. Қалған төрт семинар келесі айда сәйкесінше Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанға көңіл бөле отырып ұйымдастырылады.

Жоба Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылып, Табиғи апаттардың қаупін азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі жаһандық қор (GFDRR) тарапынан басқарылатын және Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығымен (ТЖАҚЗО) тығыз ынтымақтастықта Дүниежүзілік Банк тарапынан жүзеге асырылатын «Орталық Азиядағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және қауіпті азайтуды жеделдету» бағдарламасының құрамына кіреді. Бұл семинарлардың көмегімен Еуропалық Одақ пен Дүниежүзілік Банк Орталық Азия елдеріне өңірлік үйлестіруді нығайтуда және апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық күш-жігердің тиімділігін барынша арттыруда қолдау көрсетеді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі мамандарға хабарласыңыз:

Чи-Юн Хуан ханым, Орталық Азиядағы Дүниежүзілік Банк, chuang@worldbank.org, +1 202 473 55 61,

Эльнура Абаканова ханым, Коммуникацияларды үйлестіруші, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі: elnura.abakanova@eeas.europa.eu

Editorial Sections: