Delegation of the European Union to Costa Rica

Еуропалық Одақ пен Карнеги орталығы "Нұр-Сұлтаннан хат" жобасын ұсынады

05/12/2019 - 12:50
News

НҰР-СҰЛТАН – Бүгін елордада «Нұр-Сұлтаннан хат» жобасының тұсаукесері өтті. Іс-шара ЕО-Қазақстан және ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі және Еуропалық Карнеги орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған хат Еуропалық Карнеги орталығының "Астаналар сериясы" арнайы жарияланымдар топтамасына кіріп, Орталық Азия аймағынан шыққан алғашқы басылым болып табылады. Хаттың авторы – белгілі қазақстандық сарапшы, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саясат ғылымдарының докторы Мұрат Лаумулин.

Өзінің сәлемдеме сөзінде Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон: "ЕО-ның аймақпен серіктестігі ешкімге қарсы бағытталған емес. Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері де біздің мәселелерді шешудегі дилеммаға мәжбүрлемейтін кешенді әдістеме қолдану қабілетімізді бағалайды. Еуроодақ "Ұлы шахмат тақтасындағы" "Үлкен ойын" қатысушысы болуды мақсат етпейді.  ЕО-ның мақсаты – аймақ үшін сенімді және адал серіктес болу. Біз толық ашықтық және Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігін құрметтеу қағидалары негізінде кез-келген тараппен, Қытай мен Ресей болсын, ынтымақтастықты нығайту мен бірлескен іс-қимылдарды іске асыруға ашықпыз", - деп атап өтті.

 

Іс-шараға Еуропалық Карнеги орталығының шақыртылған зерттеушісі Штефан Лене, Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайллер, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ сарапшылық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

 

"Еуроодақ одан әрі табанды стратегияны қажет етеді. Бұл мақсатты мемлекетпен идеялар мен қағидаларға негізделген қарапайым жалпы диалогтан осы идеялар мен қағидаларды іске асырудың нақты өлшемдеріне негізделген неғұрлым мазмұнды диалогқа көшуді көздейді. Сонымен қатар, Қазақстанмен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім бойынша ЕО-ның табысты келіссөздер жүргізудегі рөлін атап өту керек. Қазіргі таңда Брюссель мен Нұр-Сұлтан аталған келісімді жүзеге асыру бойынша күшін жұмылдыруда. Стратегияны қабылдаушы мемлекеттердегі ЕО-ның арнайы мекемелері іске асыратын жобалар мен құзіреттілігі тұрғысынан одан әрі икемді етуге болады. Бұл арада Eуропаның жұмсақ күш қуатын геополитикалық басымдыққа айналдыру керек", - деп атап өтті Мұрат Лаумулин өзінің хатында.

 

Іс-шара 2019 жылдың шілде айында қабылданған ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа Стратегиясы аясында өткізілуде. Стратегия тұрақтылық, өркендеу және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы тығыз ынтымақтастықты белгілейді. Тұсаукесер барысында қатысушылар Стратегияның аймақтық өлшемін жан-жақты талқылап, аталған құжаттың ХХІ ғасырдың сын-қатерлері жағдайында өзектілігін бағалады. Сондай-ақ, Стратегияда ЕО өкілдері, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам белсенділері мен сарапшылардың тұрақты өзара әрекеттестігіне ерекше назар аударылады.

 

"Нұр-Сұлтаннан хат" мақаласының  толық  мәтіні келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

https://carnegieeurope.eu/strategiceurope/80470

 

Анықтама

Еуропалық Одақ Орталық Азияның стратегиялық рөлін мойындай отырып, ұзақ уақыт бойы аймақ үкіметтерін интеграцияны дамыту, тұрақты экономикалық өсуді қолдау және ортақ өркендеуге ықпал етуге шақырды. Жақындағы аймақтағы модернизациялау әрекеттері ЕО-мен сауда, инклюзивтілік және экономиканы әртараптандыру бойынша терең ынтымақтастыққа әкелді. Осы нәтижелерге сүйене отырып, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы 2019 жылдың 17 маусымында ЕО мүше мемлекеттерімен қабылданды. Берік ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарының бірі – аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуін жетілдіру, оның ішінде аймақтық байланыстар, заң үстемдігі, инвестициялар тарту және жеке секторды дамыту бағыттары.

 

Еуропалық Карнеги орталығы 2007 жылы құрылды және Брюссельдегі еуропалық сыртқы саясаттың жетекші сарапшылық орталығына айналды. Орталықтың зерттеу жүргізетін тақырыптар қатарында – Түркиядан бастап Таяу Шығыс пен Шығыс көршілес елдері, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері. Зерттеушілердің тәжірибелі тобы Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттердің алдында тұрған стратегиялық мәселелерге қатысты терең талдау мен саяси тұжырымдарды ұсынады.

 

Қосымша сұрақтар бойынша:

ҚР ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова: + 7 701 9400086, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu.