
Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одақтың 16 елінен 16 үздік кинофильмдері ұсынылады. Кино туындылары арасында түрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, үш «Сезар» сыйлығының жүлдегері – «Кішкентай фермер» (Bloody Milk), «Давид ди Донателло» сыйлығының иегері – «Чамбра» (A Ciambra), «Үміт айыбы» (The Vice of Hope) фильмдері, Канн фестивалінің сыншылар аптасының Гран-при иегері – «Диамантино» (Diamantino), Локарно кинофестивалінің әділқазы алқаларының арнайы сыйлық жүлдегері – «Рэй мен Лиз» (Ray & Liz), Венеция кинофестивалінің «Үздік актер» номинациясының жүлдегері– «Әулие Георгий» (Saint George), Карловы Вары кинофестивалінің «Үздік режиссер» номинациясының жүлдегері – «Шек» (The Line) , «Қысқы шыбын-шіркей» (Winter Flies) және Бухарест, Словения, Словакия, Монреаль, Токио, және Сандэнс кинофестивальдарының бірқатар сыйлықтар иегерлері.
Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі.
Барлық көрсетілімдерге кіру тегін (тегін билеттерді көрсетілім күні кинотеатр кассаларынан ала аласыз).
Фестивальдің ашылу күні мен уақыты: 5 қараша 2019 ж., 18:00
Өтетін орны: Chaplin Cinema кинотеатры, Mega Park ОСО, Мақатаев көшесі 127/1, Алматы.
Еуропалық кинофестиваль туралы толық ақпарат Қазақстандағы Еуроодақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында: https://www.facebook.com/events/503134620265283/
Chaplin Mega Park Almaty
Almaty, Makatayev st 127/1, Mega Mall, 3 floor
Almaty
Қазақстан