Delegation of the European Union to Albania

ЕО Қазақстан мен Орталық Азияда COVID-19 індетімен күресу мақсатында құны 1.4 млрд теңге бағдарламасын іске қосты

20/07/2020 - 10:09
News stories

Бүгін Еуропалық Одақ құны 3 млн евро (1.4 млрд теңге) құрайтын "COVID-19 Орталық Азия мемлекеттерінде: дағдарысқа жауап беру шаралары" (CACCR) атты жан-жақты ортақ көмек көрсету пакетін іске қосты. Оның мақсаты – Қазақстанға басты назар аудара отырып, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асыратын CACCR бағдарламасы аясында қазіргі COVID-19 індетінің салдарын жеңілдету ісіне қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, болашақта халық денсаулығына осындай қауіп төндіретін жағдай туындайтын болса, Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің оған жауап беру әлеуетін арттыру арқылы сол жүйелердің ұзақ мерзімді төзімділігін қамтамасыз етуге бағдарлама үлесін қосады.

EU CACCR solidarity package for Kazakhstan and CA countries

«COVID-19 індетінің жайылуы ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріміздің қаншалықты әлсіз екендігін әрі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды шешу жөніндегі көзқарасымызды өзгертудің маңыздылығын анық көрсетті. Дәл осы себептен CACCR бағдарламасы аясында бүгінгі таңда қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарды қамтамасыз етумен қатар лабораториялар мен ауруханаларға да көмек көрсетілетін болады. Мұндағы мақсат – лабораториялар мен ауруханалардың ертеңгі күні осындай пандемиямен күреске дайындық деңгейін арттыру», - деді Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон.

CACCR бағдарламасы жүйелі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қолданыстағы COVID-19 індетіне дайындық пен жауап беру бойынша ұлттық жоспарлар аясында кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктер қамтамасыз етілетін болады. Екінші кезеңде, COVID-19 індетінің шарықтау шегі өткеннен кейін, қалпына келтіру мен болуы мүмкін екінші толқынға дайындық басты назарда болмақ. Соңғы кезеңде, ұзақ мерзімді келешек тұрғысынан алғанда, төзімді, тез жауап бере алатын әрі берік денсаулық сақтау жүйелерін құру және сол қалпында сақтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады PDF icon(инфографиканы қараңыз).

CACCR –2020 жылдың шілде айында іске қосылған Орталық Азия мемлекеттеріне арналған екі жылдық өңірлік бағдарлама. Ол "Team Europe" COVID-19 індетіне жаһандық жауап беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде Орталық Азия өңірі үшін Еуропалық Одақ дайындаған, құны 124 млн.евро құрайтын "ортақ көмек көрсету пакеті" аясында жүзеге асырылуда.

Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз: Юрий Скаскевич, Ынтымақтастық бөлімі, Қазақстандағы ЕО Өкілдігі, e-mail: Youri.SKASKEVITCH@eeas.europa.eu; Еркежан Амриева, Қазақстандағы ЕО Өкілдігі Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімі,  e-mail: DELEGATION-KAZAKHSTAN-PIC@eeas.europa.eu