Delegation of the European Union to Albania

Бірлескен Коммюнике: Еуропалық Одақ - Орталық Азия Сыртқы істер министрлері кездесуі, Брюссель, 23 қараша 2018 ж.

Bruxelles, 23/11/2018 - 15:56, UNIQUE ID: 181123_10
Joint Press Releases

Бірлескен Коммюнике

Еуропалық Одақ - Орталық Азия Сыртқы істер министрлері кездесуі

Брюссель, 23 қараша 2018 жыл

«ЕО және Орталық Азия: инклюзивті даму, тұрақты өзара байланыс пен тығыз әріптестік болашағы үшін бірге жұмыс істеу»

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлері және Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті 2018 жылғы 23 қарашада Брюссель қаласында ЕО және Орталық Азия елдерінің 14-ші министрлер конференциясы барысында кездесті.

Кездесуге қатысушылар әлем сахнасы мен Орталық Азиядағы болып жатқан аса ауқымды өзгерістер барысында аймақтың алдындағы мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талқылады. Тараптар Орталық Азиядағы реформалар мен оң аймақтық үдіріс ЕО мен Орталық Азия арасындағы әріптестікті әрі қарай кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын растады.

Жоғарғы Өкіл Федерика Могерини аталмыш маңызды өзгерістерге сәйкес ЕО-ның Орталық Азия бойынша қазіргі Стратегиясын бейімдеуге ниетін растады. Қатысушылар Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын 2019 жылдың басында қабылдау маңыздылығын баса айтты. Стратегия аймақтар арасындағы қарым-қатынастардың дамуы өзара, қомақты және көпжылдық пайданы көздеу қағидатына негізделу қажет екендігіне  назар аударылды.

Қатысушылар Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның жеке елдер арасындағы министрлер мен басшылар деңгейіндегі, сондай-ақ Орталық Азия елдер арасындағы өзара кездесулердің жиілігін құптады. Олар аймақтар арасындағы қатынастардың нығайуы мен ортақ мәселелерді шешу бойынша аса маңызды форум – жыл сайынға Саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі диалогтың маңыздылығын баса айтты.

Орталық Азияның Сыртқы істер министрлері 2018 жылдың наурыз айында Астанада  өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші жұмыс кездесу қортындысы бойынша кезектегі шаралар туралы ЕО-ға мәлімдеді. Еуропалық Одақ ортақ шешімге негізделген барлық трансұлттық мәселелер бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық пен аймақтық диалогтың дамуын құптады, және аймақтық интеграция мен ынтымақтастық саласындағы әріптестік пен өзінің тәжірибесін бөлусіге дайындығын растады.

Қатысушылар бейбітшілік, қауіпсіздік, демократия, тұрақты даму және өркендеу мақсаттарына жету бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайындығын растады. Бұл ортақ іс-қимыл халықаралық құқық ережелеріне негізделу тиіс, соның ішінде БҰҰ Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және адам құқықтары бойынша қазіргі халықаралық келісімдер мен шарттарына сәйкес адамның негізгі құқықтарын ілгерлету мен қорғау. Бұл орайда қатысушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) маңызды рөлін атап өтті. Қатысушылар 2018 жылдың 22-23 қарашасы аралығында Самарқанда өткен Адам құқықтары жөніндегі Азиялық Форумның ұйымдастыруын құптады. Қатысушылар кедейлікті жою және барлық адамдар үшін инклюзивті болашақты құру үшін 2030  жылғыТұрақты даму күн тәртібі мен Аддис-Абебаның іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Олар үкіметтік шешім қабылдауына азаматтық қоғамның қатысу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, гендерлік теңдік пен әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюі, соның ішінде саяси, экономикалық және басқа да шешімдер қабылдау үдерістеріне әйелдердің толық қатысуын қамтамасыз ету тұрақты даму үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Олар жастар  үшін  тұрақты дамудың маңыздылығын және олардың 2030 жылғы Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жастарға мүмкіндік ашатын бастамаларды қолдау маңыздылығы атап өтілді.

2018 жылдың 15 қазанында қабылданған Еуропалық Одақтың Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыстарды нығайту бойынша стратегиясына сәйкес, Жоғарғы Өкіл Федерика Могерини Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бейілділігін атап өтті. Ол аймақтық деңгейде көлік, энергетика мен сандық желілердің және адамдар арасындағы  қарым-қатынастардың құрылуы арқылы, сондай -ақ Шығыс әріптестік пен Азия-Еуропа кездесу (АСЕМ) шеңберіндегі синергияны табу арқылы жүзеге асырлуы мүмкін. Қатысушылар экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және қаржылық тұрғысынан тұрақты және ережелерге негізделген өзара байланысты жетілдіру мен халықаралық стандарттар мен инновациялық шешімдерге негізіндегі жоғары сапалы инфрақұрылымды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Олар бизнеске тең жағдайлы ортаны қалыптастыруға, нарықта кемсітушілікті болдырмау және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыруға шақырды. Олар Орталық Азия арқылы Еуропа мен Азияны байланыстыратын Транскаспийлік көлік дәліздерін дамытуда қол жеткізілген жетістіктерді құптады. Осы орайда қатысушылар Ташкент қаласында 2018 жылдың қыркүйегінде өткен «Халықаралық көлік дәліздері жүйесіндегі Орталық Азия: стратегиялық перспективалар және пайдаланылмаған мүмкіндіктер» халықаралық конференциясының маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар 2018 жылдың 27-28 қараша күндері өтетін Ауғанстан бойынша министрлік деңгейдегі Женева конференциясы Ауғанстандағы даму, реформа, бейбітшілік пен тұрақтылық салалары бойынша болашағы зор күн тәртібін қалыптастыруын қамтамсыз ету үшін өзінің бейілділігін атап өтті. Тараптар Ауған басшылығымен жетеленген  бейбітшілік үдерісін қолдау туралы халықаралық келісімді одан әрі дамытуға уағдаласты және 2018 жылдың наурыз айында Ташкентте өткен «Бейбітшілік үрдісі, қауіпсіздік ынтымақтастығы және өңірлік өзара қатынас» атты Ауғанстан жөніндегі конференциясының нәтижесін құптады. Сонымен қатар, 2017 жылдың қарашасында Ашхабад қаласында өткен Ауғанстан бойынша өңірлік экономикалық ынтымақтастық конференциясында (RECCA VII) қол жеткізілген келісімдерді құптады. Қатысушылар 2018 жылдың 5 қыркүйегінде Астанада өткізілген «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» аймақтық конференциясын құптап, қыздар мен әйелдердің өмір сүру жағдайларының жақсаруы және олардың білім алуы мемлекеттің экономиканы жандандыруға, жұмыс орындарды құруға, аймақтағы зорлық-зомбылықты және радикализмді болдырмауға себептесетінің айтты. Қатысушылар Еуропалық Одақтың, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының ауған әйелдерін Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім мен кәсіби оқытумен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның бірінші кезеңінің басталу бастамасын қолдады. Олар Ауғанстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін диалог пен ынтымақтастықты жандандыруға келісті және Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы алдағы байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды. ЕО Орталық Азия елдерінің министрлеріне Ауғаныстан бойынша алдағы министрлік деңгейдегі Женева конференциясының шеңберінде өтетін аймақтық қатынастар мен инфрақұрылым бойынша кездесуге қатысуды шақырды.

Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері өз үкіметтерінің өңірлік сауданы дамытуға, аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ экономикалық реформаларды жалғастыруға бейілділігін баса айтты. ЕО шекараны тиімді басқаруды, бизнесті және инвестициялық ахуалды жақсартуға, жеке секторды дамытуға, заң үстемдігі мен мемлекеттік басқару қызметін жетілдіруге, білім беру және оқыту арқылы адам капиталын дамытуға, атап айтқанда, ЕО-Орталық Азия білім саласындағы платформа мен ЕО-ның Орталық Азиядағы құқықтық үстемдік бастамасының оң тәжірибесіне ескере отырып, осы салалардағы бағдарламаларды қолдауды жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар,  ЕО Орталық Азия елдерімен екіжақты қарым-қатынастардың негізін нығайта отырып, ДСҰ-ға барлық Орталық Азия елдерінің мүшелігін қолдауға дайын екендігін атап өтті. Қатысушылар жеке сектордың ЕО мен Орталық Азия арасындағы әріптестікке белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар қоршаған ортаға төнген қатерлер мен климаттың өзгеруіне байланысты күрделі мәселелерді шешудегі ынтымақтастығын нығайтуға бел байлады. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық эксперт тобының климат өзгеруінің кері салдары туралы жаңа деректері тараптар арасында үлкен алаңдаушылықты тудырды. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенциясының шеңберінде қабылданған Париж келісімінің мақсаттарына  қол жеткізу үшін қазіргі жаһандық іс-қимылдарды ілгерлету қажеттілігін растады. Олар Париж келісіміне сәйкес шұғыл және тиімді шараларды қолдану қажеттілігін атап өтті. Тараптар Таланои диалогының нәтижесінде Париж келісімінің 4-бабына сәйкес барлық Тараптардың ұлттық деңгейінде анықталған жарналары және олардың қолдау ниеттерін бағалаудың қажеттілігі атап өттілді. Қатысушылар сондай-ақ климаттың өзгеруін кері әрсерін азайту және бұл өзгерістерге бейімделу басты және шұғыл басымдықтар екеніне назар аударды. Олар Париж келісімін жедел және тиімді іске асыруға және оның жұмыс бағдарламасын биылғы Катовицца қаласында (Польша) Тараптардың климат бойынша Конференциясында (COP24) аяқтауға дайындығын растады. ЕО Орталық Азия мемлекеттерімен келесі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендігін растады: жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және залалы заттардың төмен шығаруын ескертетін технологиялар , өнеркәсіп, көлік, ауыл және орман шаруашылығы, инновация, қаржылық ресурстарды жұмылдыру, қоршаған ортаны басқару, көпайналымды экономика, шөлейттенудің алдын алу, су ресурстарының тапшылығы, апаттарды басқару және қауіп-қатерді азайту. Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі 2018 жылдың 8 қарашасында Қырғыз Республикасы мен Еуропаның қайта құру және даму банкі және ЕО-мен  бірге ұйымдастырған Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі Лондон конференциясының қорытындысы туралы мәлімдеді. Бұл конференция аймақтағы уран өнеркәсібінің мұра мәселесін шешуге халықаралық қаржыландыруды жұмылдыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар 21 қарашада БҰҰ-ның 73-ші Бас Ассамблеясының екінші комитетінде «Орталық Азиядағы радиациялық қауіптің алдын алудағы халықаралық қоғамдастықтың рөлі» атты резолюцияны қабылдауды құптады.

Қатысушылар су ресурстарын басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың оң үрдісін құптады. Атап айтқанда, қысқа мерзімде ортақ күш-жігердің арқасында Орталық Азия елдері су ресурстарын пайдалану сияқты аса маңызды мәселелер бойынша шиеленістерін жеңілдетті. Осы орайда, қатысушылар аймақтың барлық елдерінің мүдделері мен халықаралық ұйымдардың қатысуын ескеретін халықаралық құқыққа негізделген сындарлы өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Өзбекстанның Сыртқы істер министрі, қабылдаушы тарап ретінде, және барлық қатысушылар 24-25 қаңтарда Ташкент қаласында қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару платформасы аясында ЕО-Орталық Азия арасындағы жоғары деңгейдегі конференцияға қатысудың  маңыздылығын атап өтті. Конференцияны Италия мен ЕО мекемелері ұйымдастырады. 10-12 қазанда Астанада өткен Трансшекаралық су ресурстары жөніндегі конвенцияның Тараптар Кеңесінің сегізінші отырысында  құпталғандай, трансшекаралық су саласындағы ынтымақтастық жер үсті және жер асты сулардың шектелген ресурстарын пайдалануда, яғни шиеленістерді болдырмай,  бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды. Түркіменстанның Сыртқы істер министрі 2018 жылы 24 тамызда Аваз, Түрікменбашыда өткен Арал теңізін сақтау жөніндегі Халықаралық қор Саммитінің қорытындылары туралы және Арал теңізі бассейні бойынша БҰҰ арнайы Бағдарламасын әзірлеу қажеттілігіне назар аударды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қатысушыларды 2018 жылдың 12 тамызында Ақтау қаласында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның нәтижелері туралы мәлімдеді. Тәжікстанның Сыртқы істер министрі 2018 жылғы 20-22 маусымда Душанбе қаласында  Тәжікстан үкіметі мен БҰҰ бірге ұйымдастырған 2018-2028 жж. «Тұрақты даму үшін су ресурстары» халықаралық іс-шарасының онжылдығы бойынша бірінші халықаралық жоғары деңгейдегі конференциясының қортындыларымен таныстырды. Ол 2030 жылғы Бағдарламаны жүзеге асырту бойынша іс-қимылдарды жұмылдыру мен су ресурстары бойынша мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тұрақты даму, барлық су ресурстарына қатысты бағдарламалар мен жобалардың жұмысын жеделдетуі бойынша платформа ретінде пайдалынады. ЕО 19 қараша 2018 жылы Еуропалық Кеңестің су дипломатиясы бойынша қортындыларында расталған, су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ілгерлету бейілділігін баса айтты. Тараптар Орталық Азиядағы суды пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар ЕО-ның трансшекаралық су ресурстарындағы ынтымақтастықтың озық тәжірибелерімен бөлісу жөніндегі күш-жігерін, сондай-ақ осы саладағы Орталық Азия елдеріне тиісті қаржылық, техникалық және консультациялық көмек көрсетуін құптады.

Қатысушылар қауіпсіздіктің кең ауқымды мәселелері бойынша, оның ішінде есірткіні бақылау және шекара қауіпсіздігі, қақтығыстардың алдын-алу және дағдарысты басқару мәселелеріндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Олар БҰҰ-ның Жаһандық лаңкестікке қарсы стратегиясын жүзеге асыруын құптады, соның ішінде Орталық Азияда оны жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарының 2018 жылы 30 сәуірде Ашхабад қаласында өткен жоғары деңгейдегі кездесуде қабылданған жаңа кезеңін құптады.  Душанбе қаласында 2018 жылдың мамыр айында Тәжікістан мен ЕО және ЕҚЫҰ-мен бірлесіп ұйымдастырған зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясында қабылданған Декларациясына сәйкес қатысушылар зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бел байлады. Осы орайда олар әйелдерге білім беру және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін  кеңейту аса маңызды. Сондай-ақ, терроризмге қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар халықаралық құқық пен адам құқықтарына сәйкес болуы қажет. Тараптар БҰҰ-ның Халықаралық терроризмге қарсы жалпы конвенциясы жөніндегі келіссөздерді ілгерлетуге шақырды.

Қатысушылар 2018 жылдың 31 тамызында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) соңғы есебінде расталған Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары шеңберінде Иранның ядролық энергетика саласындағы өз міндеттемелерін тиімді іске асырып, жалғастыратының құптады. Олар Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары барлық аспектілерін сақталу маңыздылығын, соның ішінде санкцияларды алып тастау және одан туындайтын зардаптардың маңыздылығын атап өтті. Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары ядролық қаруды таратпау режимінің жаһандық сәулетінің басты элементі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2231 (2015) қарарында бірауыздан бекітілген елеулі дипломатиялық жетістік болып табылады.

Қатысушылар Кеңесті өткізу үшін Еуропалық Одаққа зор ризашылығын білдіріп, 2019 жылы Қырғыз Республикасында кездесуге уағдаласты.