Біздің қызметіміздің мәні неде?

Еуропалық Одақ әлемнің барлық елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды қолдайды. ЕО халықаралық аренадағы негізгі ойыншылармен стратегиялық әріптестік қатынастарын құрады, бүкіл әлем бойынша дамушы елдермен тығыз байланыстарды жолға салады, сондай-ақ оның бірқатар көрші мемлекеттермен байланыстырылған мүшелік туралы екі жақты келісімдері бар. Шетелде Еуропалық Одақ дипломатиялық миссияларға ұқсас қызмет жасайтын 141 өкілдіктен құрылған желі болып табылады.

Еуропа мүдделерін қорғау және Еуропалық құндылықтарды жылжыту үшін ЕО бүкіл әлемде жүргізетін қызметтің 10 мысалы төменде келтірілген.

  1. ЕО Балқандарда тұрақтылықты қолдайды. Еуропалық Одақ тұрақты қоғам құруға көмектесе отырып,  жеті елде қолдау жобаларын қаржыландырады. Еуропалық Одақ құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрамында шамамен 1900 полицейлер мен бітістірушілер миссиясын Косовоға (1) жіберді.  Батыс Балқан елдері Еуропалық Одақты кеңейту бағдарламасының шеңберінде ЕО-ға енуге кандидаттар немесе әлеуетті кандидаттар болып табылады.
  2. ЕО БҰҰ-мен, АҚШ-пен және Ресеймен қатар Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатумен жұмыс істейтін «квартеттің» мүшесі болып табылады. Араб-израиль шиеленісін бейбіт реттеу Еуропа үшін стратегиялық басым міндет болып табылады.  ЕО мақсаты – Израильмен және басқа көршілермен бейбіт қатар өмір сүріп жатқан тәуелсіз, демократиялық, өмірге бейімді Палестина мемлекетін құру туралы екіжақты шешім қабылдау.
  3. Еуропалық Одақ өз көршілеріне Еуропалық көршілестік саясаты шеңберінде артықшылық қатынастарды ұсынады. Бұл саясат барлық әріптестердің тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен өркендеуін нығайту, сондай-ақ ЕО және Оңтүстік Жерортатеңізі, Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы жаңа бөлу сызықтарының пайда болмау мақсатында әзірленді.  
  4. Еуропалық Одақ Климаттың өзгеруі туралы Киот хаттамасына қол қою жөнінде келіссөздер жүргізуде маңызды роль атқарды. Көмірқышқыл газдың шығарылуын төмендету жөніндегі іс-әрекеттердің ішкі жоспары - Әлемдегі ең ілгерішіл және мұқият ойланған болып табылуы мүмкін екеніне  қарамастан,  Еуропалық Одақ бұл мәселеде негізгі ойыншы болып қалады, онсыз бұл саладағы іс-әрекеттер жоспарын жылжыту мүмкін болмас еді. ЕО климаттың өзгерістері туралы заңды міндетті келісімге қол қою үшін коалиция құруға ұмтылады.
  5. ЕО бірқатар аспектілер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ынтымақтастықта.  Еуропалық Одақтың көп жақты қатынастар қағидаттарына сенімі келіссөздер арқылы реттелген және міндетті күші бар халықаралық қатынастарды құруға бейімділігінен көрінеді. Бұл қағидат Лиссабон шартында анық бекітілген. Кез келген жағдайларда Еуропалық Одақ мемлекетішілікке ұқсас: бейбітшіл және болжалды халықаралық қатынастарды құруға көмектесетін нормалар мен қағидаларды ұсына отырып, күш саясатын жұмсартуға немесе бас тартуға тырысады.
  6. Еуропалық Одақ Еуропаның, Африканың бірқатар елдерінде және Ауғанстан сияқты басқа елдерде бейбітшілік орнатуға және қорғауға көмектесуге бейімді әскери, саяси немесе азаматтық миссиялар құрады.
  7. ЕО адам құқықтарын қорғаудың жақтаушысы болып табылады және бұл құқықтар бүкіл әлемде сақталу үшін жұмыс істейді. ЕО үшін адам құқықтарын қорғау үшінші елдермен жүргізілетін саяси диалогтағы; ол жүргізетін дамыту және қолдау саясатында; Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты, көпжақты қауымдастықтардағы өз қызметі арқылы сыртқы қатынастардың орталық аспектісі болды.
  8. Сыртқы саудада Еуропалық Одақ, еркін және адал сауда қағидаттарын ұстана отырып, бірегей ойыншы болып табылады. ЕО келіссөздерде жалғыз тұлға ретінде қатысады, оның дауысының маңызды әсері бар. Жиынтығында, Еуропалық Одақтың 28 мүше-еліне әлемдік импорт пен экспорттың  19% келеді. ЕО техникалық нормалары бүкіл әлемде кеңінен пайдалананылатындықтан, дауларда тап Еуропалық Одақ шарт қояды.
  9. Еуропалық Одақ өз әріптестерінің әлеуметтік және экономикалық дамуын қолдайды және солардың апат шекарасындағыларға әрдайым көмек беруге дайын. Еуропалық Одақ және оған мүше-мемлекеттер дамушы елдерге көмектесе және гуманитарлық көмек бере отырып, дүниежүзіндегі ең үлкен донорлар болып табылады.   Олардың үлесі дамушы елдерге ресми көмектің жалпы әлемдік көлемінің 60% жетеді.
  10. ЕО ғаламдық халықаралық экономикалық және қаржы проблемаларын шешумен байланысты шақыруларға, мысалы Үлкен  жиырма (G-20) шеңберінде жауап беруге дайын. Еуропалық Одақ Дүниежүзілік Банк және МВФ сияқты әлемдік қаржы институттарын реформалау және халықаралық қаржы секторын реттеу әрекеттеріне өз үлесін қосады. Еуро бірыңғай  валюта еуро аймаққа және Еуропалық Орталық Банкке қосымша әсерді қамтамасыз етеді.

  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1244 қарарының негізінде.