Ынтымақтастыққа шолу

Еуропалық Комиссияның Қазақстанмен және Орталық Азиямен өзара әрекеттесуі ұзақ мерзімді өңірлік ынтымақтастық стратегиясына негізделген, ол әрбір жеке елдің жағдайы мен мұқтаждарын ескереді. 2007-2013 Орталық Азияға Көмектесу Өңірлік Стратегиясы   €719 млн. мөлшерінде инвестицияларды Орталық Азияның әр бес еліндегі өңірлік бағдарламалар мен жобаларға көздейді.

Қазақстанда Комиссияның ынтымақтастығы әлеуметтік-экономикалық даму менмемлекеттік және әкімшілік реформаларды қолдауға бағытталған болса, өңірлік бағдарламалар үшін энергетика және көлік байланысы; қоршаған ортаны қорғау; қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ білім саласындағы ынтымақтастық басым болып табылады.   

1991 жылдын бастап, Еуропалық Комиссия шамамен €140 млн. жалпы сомаға тікелей Қазақстанды қолдауға бағытталған 300-ден астам жобаны қаржыландырды. 2011 - 2013 жж. кезеңіне жоспарланған жыл сайынғы қаржыландыру көлемі €13 млн. құрайды.  Осы қаражаттардың үлкен бөлігі басым салалардағы ЕО озат практикалық негізінде, Қазақстан үкіметіне консультациялар мен техникалық көмек көрсетуге бөлінеді.

Бұдан басқа, Еуропалық Комиссия әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан сәтті, интеллектуалды дамыған демократиялық қоғам құру үшін олардың дамуы аса маңызды басқа институттармен, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестікті ынталандырады. Институционалдық даму әріптестік бағдарламасының (ИДӘБ), Демократия және адам бостандығы саласындағы еуропалық бастама (ДАБЕБ) және басқа бірқатар тақырыптық бағдарламалар (Адам капиталына және қоршаған ортаға инвестициялар бағдарламасын қоса) шеңберінде еуропалық ҮЕҰ адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсарту және демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын жылжыту мақсатында қазақстандық әріптестермен өз күштерін біріктірді.

Еуропалық Комиссияның Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі жобаларына қаражат Еуропалық Одақ және Орталық Азия: Жаңа әріптестік стратегиясында белгіленген басымдықтарға сәйкес, былай бөлінген.

Жиынтығы: € 531 105 397 *

  • 1. Адам құқықтары, құқық үстемдігі, тиімді мемлекеттік бақару және демократияландыру: € 83 536 309
  • 2. Болашаққа инвестиция салу: жастар және білім: € 89 618 457
  • 3. Әлеуметтік дамуды қоса, экономикалық дамуға, сауда мен инвестицияларға көмектесу: € 109 880 866
  • 4. Энергетикалық және көлік байланыстарын нығайту: € 131 766 778
  • 5. Экологиялық тұрақтылық және су ресурстары: € 52 905 656
  • 6. Жалпы қатерлермен және шақырулармен күрес. Бұл қызмет Еуропалық Одақтың мәдениетаралық диалог арқылы байланыстарды жолға қою жөніндегі міндеттемелерімен толықтырылады: € 63 397 330

* Барлық жоғарыда көрсетілген сомаларға 2010 жылға дейін бөлінген немесе жоспарланған, және белгілі  – 2013 жылға дейін Қазақстандағы бағдарламаларды және Қазақстанның қатысуымен өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін қаржы қаражат кіреді.

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың қолданыстағы жобаларының тізімі