Жүрналисттер үшін ақпараттық ресурстар

Еуропалық Одақты және оның саясатын хабарлауды және түсінуді арттыру үшін Өкілдіктің Баспасөз және ақпарат бөлімі ақпараттық және коммуникациялық іс-шаралардың кең спектрін жүзеге асырады. Ұсынылатын қызметтерге Өкілдіктің интернет-сайты, ЕО Ақпараттық бюллетені, баспасөз-релиздер, "ЕУРОПА" журналы, брошюралар, сонымен қатар аудио-көру материалдары және Еуропалық Одақ, сондай-ақ ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары туралы қосымша ақпарат алуға мүдделі мақсатты аудиторияның әртүрлі қажеттіліктеріне бағытталған көптеген іс-шаралар кіреді.

Баспасөз және ақпарат бөлімі ЕО ресми тұлғаларынмен сұхбат ұйымдастырады, Өкілдіктің офисінде және Қазақстанның өңірлерінде баспасөз-конференциялар, семинарлар мен брифингтер өткізеді, ЕО-мен байланысты іс-шаралар туралы баспасөз-релиздерін шығарады, баспасөз өкілдерінің ЕО мекемелеріне ресми түрде баруын ұйымдастырады. Журналисттер Өкілдіктің жіберуіне жазыла алады және ЕО туралы жаңалықтарды, оның ішінде баспасөз-релиздері мен ЕО апта сайынғы бюллетенін жүйелі түрде ала алады.

Бұдан басқа, БАҚ үшін ЕО қатысты ақпарат алу үшін жалпы ресурстар бар:

"RAPID" баспасөз-релиздерінің деректер базасы

RAPID деректер базасы Еуропалық Комиссияның 1985 жылдан бастап барлық баспасөз-релиздерін, сондай-ақ Еуропалық Парламентжәне Кеңес сияқты, ЕО негізгі институттарының баспасөз-релиздерін қамтиды.  Барлық баспасөз-релиздері қолжетімді, кем дегенде екі – ағылшын және француз тілінде – не ЕО барлық жұмыс тілдерінде  

Аудио-визуалды қызмет

Еуропалық Комиссияның аудио-визуалды ақпарат порталы ЕО қызметі мен саясаты туралы жаңа материалдарды, жетекші қайраткерлердің сөз сөйлеулері мен сұхбаттарын және аудио мен бейне-файлдар форматында көптеген басқаны ұсынады. Сондай-ақ мұнда 1940 жылдан бастап ЕО тарихының бірегей тарихи мұрағаты бар. Барлық материалдарды Интернет желісінен, не ЕО Спутниктік қызметі арқылы көшіріп алуға болады

Еуропаның Спутниктік Қызметі

Еуропаның Спутниктік Қызметі (Europe by Satellite, EbS)  теледидар спутниктік желісі болып табылады, ол Еуропалық Комиссияның, Парламенттің, Министрлер Кеңесінің, Еуропалық Орталық Банктің және ЕО басқа институттарының жаңалықтары, оқиғалар репортаждары, баспасөз-конференциялары мен іс-шаралары туралы хабар таратады. Қызмет арнайы жабдықты қажет етпей, сапалы аудио- және бейнематериалдарға он-лайн режімінде тегін кодталмаған кіруді қамтамасыз етеді  

EU Tube

EU Tube Еуропалық Одақтың YouTube әйгілі порталындағы парақ болып табылады, онда қалайтындар бейне файлдармен алмасады. Ұсынылған бейнеклиптардан Сіз Еуропалық Одақтың саясаты мен жаңалықтары, оның қызметі мен қол жеткізген жетістіктері туралы көбірек біле аласыз, онда өз түсіндірулеріңізді қалдыра және ақпаратты достарыңызбен бөлісе аласыз .

Еуростат

Еуропалық Одақтың Статистика қызметі ЕО және оған мүше-мемлекеттердің ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі негізгі статистикалық деректеріне тегін кіруді ұсынады. Деректерді PDF форматында көшріп алуға болады, іздеу тақырыптама және күні бойынша жүзеге асырылады.