Орталық Қазақстанда уытты заттармен ластану: ЕО қаржыландыратын жоба маңызды проблемаларды және адам денсаулығы үшін қауіпті анықтайды (23/07/2014)

АСТАНА / ПРАГА - 2014 жыл 7 тамыз күні Астанада қолданыстағы проблемалардың шешілуіне  қатысатын  барлық  деңгейдегі сарапшылардың  қатысуымен «Қазақстан уытты  заттарсыз» халықаралық  конференциясы   өтеді. Өзендер  мен  топырақтың, азық-түлік  пен   тіпті  балалар  алаңының ластануы Қазақстанның  орталық  ауданының  бірнеше  қалаларының халқына  қауіп  төндіріп отыр. Жаңа деректер  ЕО 247,834 евро  көлемінде  қаржыландырған қазақстандық  және  чех  үкіметтік  емес  ұйымдардың «Қазақстанда химиялық қауіпсіздікті жақсарту  бойынша азаматтық  қоғамның  құқықтары мен  мүмкіндіктерін  кеңейту» жобасының  шеңберінде алынды. Жақын аптада  сарапшылар  тобы Теміртау, Балқаш, Екібастұз тұрғындары  мен Нұра  өзенінің  бойындағы ауыл  тұрғындарын  ластану   дәрежесі мен олардың  денсаулығын  қорғау  шаралары туралы  хабардар  етеді.

«Қазақстан азаматтары  су, ауа  мен  азық-түліктің  ластануы болып  жатқанда жасыл  экономикаға  көшіп,  өркендеп,  гүлдене  алмайды. Біздің  елімізде  бұрыннан  келе  жатқан  экологиялық   проблемалар  бар, кейбір  компаниялардың байыпсыздығынан  қазіргі  уақытта  жаңа  қауіп  пайда  болды. Біз, мемлекеттік,  аймақтық  және жергілікті  атқарушы  билікпен, сарапшылармен  және  зардап  шеккен  азаматтармен  бірлесе  отырып  шара  қабылдауымыз  қажет», -  дейді  Дмитрий  Калмыков, «Қарағанды  Экологиялық Мұражайы» НПО  директоры.

"Еуропалық мемлекеттердің  тәжірибелері Қазақстан   үшін  прогрессивті  технологияларды  іске  асырып,  қоршаған   орта  мен  жергілікті  халықтың  денсаулығы,   экономикалық  даму  арасында  теңгерілім  табуға  ықпал етеді. Сәйкес  ақпаратқа  қол  жеткізу  бұл  жағдайдың  маңыздылығын  түсінудің  алғашқы  қадамы  болып  табылады», -  дейді Йиндрих Петрлик, Чеш НПО «Арника»  Уытты  заттар мен  қалдықтар  бойынша  бағдарламалар директоры.

Конференция Қазақстандағы  ЕО  Өкілдігінің  конференция  залында өтеді (Астана, «Каскад»  бизнес  орталығы, Космонавтов  көш., 62, 14-інші  қабат.  Алдын-ала  тіркелу  қажет). Қоршаған  ортаның  ластануы туралы  жаңа  деректердің  тұсаукесері  Екібастұзда  (24 шілде),  Балқашта (31  шілде), Нұрада (4 тамыз),  Теміртауда (6тамыз) өтеді.

Қосымша ақпарат үшін: Вратислав Возник (Арника), vratislav.voznik@arnika.org, моб. +420 606 727 942, тел./факс +420 222 781 471, Алена Панкова (жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі), a.pankova@gmail.com, моб. +7 7015 384 917, тел./факс +7 721 241 3344, немесе Қазақстан Республикасындағы  ЕО Өкілдігінің баспасөз хатшысы Қарлығаш Жаманқұловаға karlygash.jamankulova@ec.europa.eu электрондық пошта арқылы  хабарласуға болады.