Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың озық тәжірибесімен танысты (04/08/2014)

Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы және ЕО жобасы семинарында мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың озық тәжірибесімен танысты

АҚТАУ – 2014ж. 4 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ және Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы қолдауымен жүзеге асты.

Семинар жұмысына облыстың 40 мемлекеттік органынан 100-ге жуық мемлекеттік қызметкер, оның ішінде барлық бес аудан әкімдіктері, сондай-ақ, Жаңаөзен және Ақтау қалалары әкімдіктері өкілдері қатысты. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент жетекшісі Еркін Оспанов және облыс әкімдігі аппараты жетекшісі Асқар Рзаханов жылы лебіздерін білдірді. 

«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ вице-президенті Исатай Сағындықов Қазақстанның мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды жетілдірудегі «е-қызмет» ықпалдаcтырылған ақпараттық жүйесінің маңыздылығын атап өтті. Сарапшының сөзіне қарағанда, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу мемлекеттік органдардағы кадрлық қызметтердің тиімділігі мен өнімділігін арттырудағы шешуші факторлардың бірі саналады. Озық халықаралық тәжірибеге сәйкес Агенттік пен мемлекеттік органдар қадрлық қызметтерін автоматтандыруға арналған персоналды басқарудың «е-кызмет» жүйесін құру жобасын 2015 жылдың соңына дейін мәресіне жеткізу жоспарланған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің жоспарлау және бюджет бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңғарбай Дәнебеков семинар қатысушыларын «е-қызмет» жүйесі қызметінің негізгі қағидаларымен таныстырды.

Ал мемлекеттік қызмет персоналын басқару саласындағы үздік еуропалық тәжірибе ретінде голланд үлгісі - P-Direkt туралы ЕО жобасы шешуші сарапшылары  Константин Сокульский мен Максимилиан Федингер баяндады. P-Direkt - Нидерланды Корольдігінің 10 министрліктің адами ресурстарды басқару қызметтерінің кадрлық үдерістерін орталықтандыру мен стандарттауға арналған  үкіметтік ұйымы. Фёдингер мырза, сонымен бірге, ЕО жобасының Қазақстан мемлекеттік қызмет саласын реформалаудағы негізгі бағыттарына тоқталды.

Биыл осындай HR-семинарлар Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін жобаның PR-сарапшысы Айжан Көшкеноваға, тел. (7172)75-32-71, aikosh@mail.ruЕО Өкілдігінің баспасөз-хатшысы Қарлығаш Жаманқұловаға, тел. (7172) 97-11-48, karlygash.JAMANKULOVA@eeas.europa.eu, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының» АҚ жетекші сарапшысы Жанар Махмұдаеваға,тел; +77023119701 хабарласуыңызды өтінеміз.