Қазақстанға бала және әйел құқығы саласында құқықолдану тәжірибесін жақсарту қажет, - сарапшылар (24/01/2013)

АСТАНА – Қазақстандағы балалар құқығы және әйел құқығы саласындаағы құқыққолдану тәжірибесі заңнамалық белгілі бір оң өзгерістерге қарамастан одан әрі жақсартуды қажет етеді. Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспары бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысушылар осындай шешімге келіп отыр.

Еуропалық Одақ қаржыландырып отырған «Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспарына мониторинг жүргізу» жобасын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (АҚмЗСЖҚХБ), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырып отыр. Екі жылдық жобаның жалпы бюджеті 300 000 евроны құрайды. Еуроодақтың бөліп отырған қаржысы 240 000 евроға тең.

Дөңгелек үстел қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Елші, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы Аурелия Бушез ханым балалар құқығын қолдау мен қорғаудың үлкен маңыздылыққа ие екенін айтты: «Балалар болашағына бүгін салынып отырылған инвестиция – болашаққа деген инвестиция. Еуропалық Одақ өзінің ішкі және сыртқы саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын балалар құқығын тарату мен олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолдау білдіруде шешіміне берік. Осы міндеттемені орындау бойынша процесс аясында 2006 жылдың 4 шілдесінде «Адам құқықтары бойынша ЕО Стратегияларына бағытталған қадам» Коммюникесі қабылданды. Коммюникеде ЕО-тың адам құқықтары бойынша ұзақмерзімді стратегиясының жасақталу процесі мен ЕО-дың қазіргі жұмысының балаларға әсер етуіне берілген баға сипатталған. Ол ЕО-ты балалар мүддесінің жүйелік жұмысы мен өкілдігін ЕО аумағында да, әлемдік масштабта да дамыту мен нығайтуды және оларды ресми түрде балалар құқығы мен қажеттіліктеріне қатысты барлық кеңес пен жұмысқа қосуға ұмтылуды міндеттейді».

«Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті Евгения Козырева Ұлттық жоспар Қазақстан заңнамасы мен құқыққолдану тәжірибесіндегі әйелдер құқығын қорғау бойынша қалыптасқан проблемаларды толық қамтымайды деген пікірде.
«Жалпы алғанда, жеткілікті түрде қалыптаспаған кемсітушілікке қарсы заңнама мен құқықтарды қорғаудың кемсітушілікке қарсы механизмдерінің проблемасы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген ер адам мен әйел адам теңдігі ұстанымы мен оның іс жүзінде орындалуы арасында айтарлықтай үлкен айырмашылық байқалады», - дейді ол. 
Сарапшының мәліметтері бойынша, Қазақстанда әлі күнге әйелдерді шеттетуге бағытталған еңбек заңнамасы жұмыс істеп келеді; шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің репрезентанттығы айтарлықтай төмен. Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа да жиі душар болады.
Сонымен қатар Козырева Қазақстанда мемлекеттік құрылымдар, құқыққорғау органдары және ҮЕҰ қызметінің адам саудасы мен әйелдерді сексуалды бағытта пайдаланудың барлық жолдарының алдын-алу бойынша нақты үйлестіруі жоқ екендігін атап өтті.
Ол ұлттық заңнамада мүгедек әйелдердің құқығы бұзылған жағдайда, оны қорғаудың нақты механизмдерін қарастырып, жаза мен жауапкершілікті анықтап, мүгедек әйелдердің дағдарыстық орталықтарында қызмет түрлерін алуы үшін бірдей жағдай жасау керектігін айтты. Сонымен қатар, сарапшының ойынша, зорлық-зомбылықтан зәбір көргендерге арналған арнайы әлеуметтік қызмет түрлерінің кепілдендірілген көлемін жасап, қамтамасыз ету керек екен.
Евгения Козырева заңнамаға «уақытша арнайы шаралар», «гендерлік сараптама», «квоталар» (уақытша арнайы шаралар аясында) секілді анықтамаларды енгізіп, осы айтылған түсініктерді және «кемсітушілік» сөзін халықаралық нормаларға сәйкестендіруді ұсынды. Сонымен қатар, «сексуалды қиянат» түсінігін енгізіп, соған сәйкес жауапкершілік белгілеу қажет деп есептейді сарапшы.
«Гендерлік теңдік мәселесі бойынша халықаралық құқық нормаларының қолданылуы тәжірибесін кеңейту керек», - деп ұсынды ол.

«Қазақстан Балалар қоры» қоғамдық қорының директоры Эльвира Ватлинаның сөзіне қарағанда, балалар құқығының сақталуы туралы мәселені зерттеу, жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды, ата-анасыз балаларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй мәселесімен қамту проблемасының әлі де күйіп тұрғанын көрсеткен.
Сарапшы балаларға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалар, ауылдық жерлердегі балалар, экологиялық апат аймағында тұратын балалар, босқын-балалар, еңбек мигранттарының балалары секілді топтарға қолданылатын кемсітушілікке қарсы құқыққолдану тәжірибесі іс жүзінде жоқ деп айтса да болады деді.
«Ерте және күштеп көндіру неке проблемасы елде сақталып келеді. ҚР Қылмыстық кодексі де, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс те некеге күштеп көндіру факті бойынша жауапкершілікті қарастырмайды, бұл мемлекеттің аталған жағдайға «араласпау» ұстанымын көрсетеді», - деп атап өтті Ватлина.
Сарапшы заңнама саласындағы «Бала құқығы» бөлімі бойынша кәмелеттік жасқа толмағанлар денсаулығын қорғау және білім туралы заңнамадағы заңнамалық шараларға жатпайтын бірқатар ұсыныстарды қайта қарастыруды ұсынды.
«Бала құқығы бойынша Ұлттық Омбудсмен қызметін тағайындауды басым бағыт ретінде қарастыру керек», - дейді Эльвира Ватлина.

Талқылауға азаматтық қоғамның алдыңғы қатарлы сарапшылары, адам құқықтары бойынша ұлттық институттардың, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспарына мониторинг жүргізу» жобасының нәтижесі бойынша 26 сараптамалық қорытынды құжат дайындалды, 13 дөңгелек үстел өткізілді, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ-дар, халықаралық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен 2 сараптамалық басқосу ұйымдастырылды, сонымен қатар Варшавада өтетін адам өлшемі БИАҚБ/ЕҚЫҰ дәстүрлі конференциясында 2 сайд-ивент ұйымдастырылды.

Толық ақпаратты алу үшін MediaNet ХЖО-ның жоба менеджері Василина Ворковаға, +7 727 261 66 69, +7 701 549 98 58, vassilina.vorkova@gmail.com немесе ҚР ЕО Өкілдігінің баспсөз-хатшысы Қарлығаш Жаманқұловаға +7 (7172) 97-11-48, karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu хабарласуға болады.