Ауызша аударма жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директоратының өкілдері Қазақстанға келді (11/10/2013)

АСТАНА – 2013 жылғы 10 және 11 қазанда Ауызша аударма жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директоратының өкілдері - Бас директор  Марко Бенедетти мырза мен Бөлім бастығы Вольтер Виттевин мырза Білім және ғылым министрлігінен және Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан Үкіметінің ресми адамдарымен, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің өкілдерімен Астанада кездесті. Кездесулер мақсаты жоғары деңгейдегі конференцияларда жұмыс істеу үшін аудармашылар даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Ауызша аударма жөніндегі Бас директорат әлемдегі ең ірі ауызша аударма қызметі бола тұра, ЕО 24 ресми тілдерін ғана емес, ал араб, қытай, жапон және орыс тілдері сияқты ЕО-да ресми емес тілдерді ауызша аудару қызметтерін көрсетеді.

Сонымен қатар фарси, қазақ және әзербайжан сияқты, Орталық Азия елдерінің тілдеріне өсіп келе жатқан қажеттілік болғандықтан, Ауызша аударма жөніндегі БД Каспий өңіріндегі жоғары деңгейдегі ауызша аудармашыларды даярлау деңгейін  дамыту әрі жоғарылату үшін өзінің көп жылғы тәжірибесімен және "ноу-хаумен" бөлісуге дайын. Мақсаты Орталық Азияда «Каспий жобасының» шеңберінде бірге жұмыс істейтін озық тәжірибе орталықтарының желісін құру.

Қазақ тілінің халықаралық аренада пайдалануына ықпал ететін бұл жобаға Қазақстан билігі үлкен қызығушылығын  білдірді. 

Бұдан арғы байланыстар техникалық деңгейде орнатылады, Ауызша аударма жөніндегі БД  осы бастамаға қатысатын университеттерге техникалық және педагогикалық қолдау көрсету арқылы өз көмегін ұсынды.