Эразмус Мундус бағдарламасы

Эразмус Мундус – бұл жоғары білім саласында алмасу және ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама, ол еуропалық жоғары білімнің сапасын арттыруға және үшінші елдермен әрекеттесу арқылы адамдар мен мәдениеттер арасындағы диалог пен түсіністікке көмектесуге бағытталған. Бұдан басқа, бағдарлама адам ресурстарының және Еуропалық Одақ пен осы елдер арасында алмасу бадарламаларын жандандыру арқылы үшінші елдерде  жоғары білім мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың халықаралық әлеуетінің дамуына ықпал етеді.

Еуропалық Одақтың, егер ондайлар бар болса, шамалы бағдарламаларының ұқсас жалпыеуропалық масштабы бар.  Эразмус Мундус бағдарламасына еуропалық университеттердің шамамен 90% қатысады. 1987 жылы бағдарлама ашылған сәттен бастап, оған шамамен 1,9 млн. студент қатысты. 31 елдің  3100 астам жоғары оқу орындары бағдарламаның қатысушылары болып табылады және одан көп ЖОО қосылуға ниеттеніп отыр.

2009- 2013 жж. кезеңінде ЕО аса дарынды студенттер мен оқытушыларды  Еуропадағы бірлескен бағдарламаларға қатысу үшін, оларға гранттар беру арқылы қолдауды жандадыруды жоспарлап отыр. Бағдарламаның масштабы докторантура деңгейіне дейін кеңейтіледі, бұдан басқа еуропалық студенттерге берілетін қаржылық көмек көлемін көбейту жоспарлануда.

Эразмус Мундус бағдарламасы үшін жоспарланған бюджет, алдын ала болжамдар бойынша 2009- 2013 жж. кезеңінде  950 млн. еуро құрайды.

Эразмус Мундус бағдаламасы мыналарды қолдайды:

  • аспирантура деңгейінде бірлескен бағдарламаларды іске асыруға (1-әрекет) немесе Еуропа университеттері мен үшінші елдерге қатысушылар арасында институтаралық әріптестік құруға (2-әрекет) ниеттенген жоғары оқу орындарын;
  • жоғарыда аталған бірлескен бағдарламалар немесе әріптестіктер (1-әрекет  және 2-әрекет) шеңберінде зерделеу/зерттеу/оқу курсын өтуге тілек білдірген университтердің жекелеген студенттерін, зерттеушілерін және оқытушыларын;
  • әлемдегі еуропалық жоғары білімнің тартымдылығын, бейіні мен имиджін жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қалайтын, білім беру саласында жұмыс істейтін кез келген ұйымды  (3-әрекет).

Эразмус Мундус бағдарламасы 2009-2013 мынадай іс-шаралар арқылы іске асырылады:

  • 1-әрекет:  осы бағдарламаларға қатысуға  стипендияларды/дотацияларды қоса  магистратура (1А -әрекет) және докторантура (1В-әрекет) деңгейіндіге Эразмус Мундус бірлескен бағдарламалары;
  • 2-әрекет: барлық академиялық деңгейлердегі алмасу бағдарламалары үшін стипендияларды/дотацияларды қоса, Еуропалық Одақ пен үшінші елдер арасындағы ЖОО арасындағы Эразмус Мундус әріптестігі;
  • 3-әрекет: дүниежүзілік деңгейдегі ең жоғары сапалы білім алу орыны және білім беру орталығы ретінде Еуропаның тартымдылығын арттыру жобалары арқылы еуропалық жоғары білімді жылжыту.