Виза

ЕО-ға бару үшін Қазақстан азаматтары виза рәсімдеуі қажет. Баратын жеріне байланысты Шенген немесе ұлттық виза қажет болады.

ШЕНГЕН ВИЗАСЫ ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Бүгін Шенген келісімінің ережелері толыққанды түрде Шенгенаймағының26 елінде (Шенген ел):Австрия, Бельгия,Венгрия,Германия, Дания, Греция,Исландия  Италия  Латвия,Лихтенштейн, Литва,Люксембург,Мальта,Нидерланды, Норвегия, Польша,Португалия, Словакия, Словения,Финляндия, Франция, Чехия,Швейцария,Швеция жәнеЭстонияда қолданылады.Бұл елдерқысқа мерзімдівизағақатыстыбірыңғай саясатты ұстанады. Шенген визасын алып, Сіз Шенген аймағының бүкіл аумағында  кедергісіз жүре аласыз.

ҰЛТТЫҚ ВИЗА ҚАНДАЙ ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Кипр, Болгария, Румыния, Ұлыбритания мен Ирландия бұрынғыдай ұлттық виза ресімдеуде. Осындай визалар қысқа уақыт ішінде және оларды берген мемлекеттер аумағында ғана қолданылатынын білдіреді.

ВИЗА АЛУ ҮШІН ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК?

Егер Сіз Шенген аймағына кіретін тек бір мемлекетке баратын болсаңыз, онда осы мемлекеттің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, онда Сіздің барып тұратын негізгі орныңыз болатын елдің елшілігіне немесе консулдығына өтінішпен баруыңыз керек. Егер Сіз Шенген аймағына кіретін бірнеше мемлекетке баратын болсаңыз, бірақ негізгі бағытыңыз болмаса, онда визаға өтінішті бірінші кезекте баратын елдің елшілігіне немесе консулдығына тапсыруыңыз қажет.  

Қосымша ақпарат үшін жиі қойылатын сұрақтарды pdf - 443 KB [443 KB] English (en) русский язык (ru) көруге болады.

"Шекарасыз Еуропа: Шенген аймағы" кітапшасы pdf - 15 MB [15 MB] English (en) русский язык (ru)

ЕО визалық саясаты туралы қосымша ақпаратты Сіз Бостандық, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бас басқармасының сайтынан ала аласыз.

Визаға өтініш беру рәсімі туралы қосымша ақпарат алу үшін ЕО мүше-мемлекеттер елшілігіне немесе консулдығына хабарласуыңызды өтінеміз (Елшіліктер бөлімін қараңыз).