Саяси қатынастар

Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып табылады және ұдайы кеңейіп тұратын бірлескен диалог жүргізуде. Ынтымақтастықтың бірінші жылдары бұл диалог сауда мен инвестициялар мәселелеріне бағдарланды, ал 2002 жылдан бастап энергетика, көлік, сондай-ақ сот әділдігі мен құқықтық тәртіп сияқты басқа да маңызды салаларды қамти бастады.

1995 жылы қол қойылған және 1999 жылы күшіне енген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) pdf - 225 KB [225 KB] English (en) русский язык (ru)

ЕО мен Қазақстанның әріптестігі негізделетін басты құжат болып табылады. 2009 жылғы мамырдан бастап Брюссель мен Астанада жаңа жетілдірілген келісімді талқылау басталды.

Өңірлік деңгейде Қазақстан Еуропалық Одақ және Орталық Азия жаңа әріптестік стратегиясы шеңберінде басым ел болып табылады . 2012 жылы маусымда Еуропалық Одақ пен Еуропалық Комиссия Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясын іске асыру туралы өзінің Бірлескен Есебін жариялады .

ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа кеңейтілген Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздер 2011 жылы 27 маусымда Брюссельде басталды.

2011 жылдан бері Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы кеңейтілген ӘЫК жобасы бойынша келіссөздердің сегіз отырысы болып өтті.

2014 ж. 9 қазанда Брюссельде Еуропалық комиссия Президенті Ж.М. Баррозу және Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Еуропалық Одақ және Қазақстан арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңейтілген келісім бойынша келіссөздердің аяқталуы жөніндегі Хаттамаға қол қою рәсімі өтіп, 2015 ж. 20 қаңтар күні Брюссельде ЕО пен Қазақстан арасындағы аталған келісімді дәйектеу рәсімі тамамдалды.

2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кеңейтілген ӘЫК ЕО мен оған кіретін мүше-мемлекеттердің Қазақстанмен қатынастарын одан әрі дамыту және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды кезең болып табылады.