Орталық Азия мемлекеттері және ЕО

Екі континенттің торабында орналасқан Орталық Азия, Еуропа мен Азия арасындағы тарихи көпір болып табылады. Оны бұрынғы кеңес республикалары -  Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан құрайды.

Қазақстан мен Түрікменстанды батыстан әлемдегі ең ірі жабық теңіз – Каспий жағалауы айнала қоршайды. Солтүстікте Ресей, оңтүстікте – Ауғанстан мен Иран орналасқан. Әріптестік қатынастарды дамытуға, бейбіт өзара әрекеттесуді және өркендеуді ынталандыруға ЕО сияқты, сондай-ақ өңір мемлекеттерді де мүдделі.

2007 ж. ЕО мен Орталық Азия арасындағы стратегия бекітілген уақыттан бастап екі тарап та тығыз ынтымақтастық пен сенімді қатынастарды өзара пайдамен қолдануда. Стратегия нақты міндеттерді іске асыру кезінде әр елдің мұқтаждарын бағалайды. Бұл міндеттер тұрақтылық пен қауіпсіздікті, тұрақты экономикалық даму мен кедейлікпен күресті, сонымен қатар өңірдің ішінде сияқты, сондай-ақ ЕО мен Орталық Азия арасындағы тығыз өңірлік үйлестіруді қамтиды.

Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ өңірге және әр елге жеке инвестициялауды жалғастыруда. 2007-2013 жж. кезеңінде ЕО нақты елдердегі әртүрлі өңірлік бағдарламалар мен жобаларға шамамен 719 млн. евро бөлді.

Өңірлік бағдарламалар алты бағытта әрекет етуде:

  • Энергетика және су ресурстары
    Орталық Азияның табиғи қорларының энергетикалық әлеуетін іске асыру үшін ЕО-да Еуропаға мемлекетаралық мұнайгазкөлік дәлізі бағдарламасы (ИНОГЕЙТ) әзірленді. ИНОГЕЙТ мұнай мен газ, электр энергетика және жаңғыртылатын энергия мен энергетикалық тиімділікі көздері салаларына жатады. Бағдарлама бірқатар қызметтерді, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме жүргізуді, заң және институционалдық жәрдем мен техникалық көмек көрсетуді ұсынады. Бұдан басқа, ИНОГЕЙТ мемлекетаралық инфрақұрылымға шамалы  инвестицияларды қолдайды.
  • Көлік
    Орталық Азия арқылы өткен Жібек Жолы өзімен бірге тауарлар мен мәдениеттер әкелген. Бүгін Орталық Азия көлік инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі стратегияны әзірлеумен қайта айналысуда. Бір орыннан екіншіге кедергісіз орын ауыстыру өңірлік сауданы дамыту мен жетілдіру үшін қажет. Өңір елдерінің аумағында және олардың арасында жол мен теміржолдар салу басым болып табылады.
    Осы стратегияға жәрдем көрсету үшін Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі бағдарламасы (ТРАСЕКА), әзірленді, оның аясында көлік және сауда саласында сараптамалық қолдау ұсынылады. Бұл Еуропа, Кавказ және Азия арасындағы сауданы жеңілдетуге, халықаралық көлік дәлізін интеграциялауға, сондай-ақ өңірдің көлік және сауда жүйелеріндегі проблемаларды шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ, жоба халықаралық қаржы институттары, даму саласындағы әріптестер мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландыру тартады.
  • Шағын және орта бизнес
    Басқа басымдық шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту жөніндегі өңірлік кооперация болып табылады. Бірқатар бастамалар бар, мысалы "Орталық Азия Инвест" өңірлік бағдарламасы, оның мақсаты – әлеуетті жоғарылату жөніндегі жобалар арқылы ШОБ дамытуға ықпал ету. Атап айтқанда, бағдарлама ШОБ қолдау үшін жергілікті іскерлік делдал ұйымдар (ІДҰ) құруға ықпал етеді. ІДҰ сауда палаталары, арнайы сауда, өнеркәсіп және кәсіби ассоциациялар, реттеу органдары және сауданы, инвестицияларды және коммерциялық қызметті дамыту агенттіктері, сондай-ақ салалық агенттіктер болып табылады.
  • Шекараны басқару және есірткімен күрес
    Сонымен қатар өңірлік тұрақтылық есірткі заттар өндірісін, іске асыруды және    тасымалдауды тоқтатуды білдіреді. Осыған байланысты есірткі саудасымен байланысты қылмыстық іс-әрекеттер, сондай-ақ олардың адам үшін теріс салдары құжаттамаланды.
  • ЕО есірткімен күреске жәрдемдесу және шекараны басқаруды жетілдіру мақсатында екі бағдарлама әзірледі. Орталық Азияда шекараны басқару бағдарламасы (БОМКА) өңірдің қауіпсіздігін арттыруға, заңды сауда мен транзитті жеңілдетуге және тауарлар мен адамдардың заңсыз орын ауыстыруын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар Есірткеге қарсы іс-әрекеттердің Орталық Азия бағдарламасы (КАДАП) есірткеге қарсы қызмет аясында еуропалық және халықаралық практикаларды біртіндеп қабылдауға бағытталған  .
  • Білім және ғылым
    Жалпыға бірдей білім беру саласында Мыңжылдық Даму Мақсаттарына жету 2015 ж. белгіленген. Осы Мақсаттарды Оталық Азияда іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ЕО қаржыландыратын бағдарламалар қазір қолданылуда. Бірақ ЕО мектеп білімінен басқа, өңірлік зерттеудің және оқытудың күшті желісін дамытуда, бұл университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарын жылдамдығы жоғары Интернетке қол жетімді қылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азия Ғылыми-Зерттеу Желісінің (CAREN) веб-сайтына кіріңіз.
  • Қоршаған ортаны қорғау
    Аумағында әлемдегі ең солтүстік шөл дала және ең ірі жабық теңіз орналасқан Орталық Азия, әртүрлі ландшафымен ерекшеленеді. Бірақ ормандарды шауып алу, шөлге айналу, табиғи  катаклизмалар мен климат өзгерістері үнемі қауіп тудырады. Табиғи қорларды және биологиялық әр түрлілікті қорғау Орталық Азия Экологиялық бағдарламасының шеңберінде басымдық болып табылады. Бұл бағдарлама екі фазаға бөлінген. Бірінші фаза су ресурстарымен байланысты және 2012 жылға дейін қолданылады. Екінші фаза әзірлеу сатысында, бірақ біріншіні кеңейтуге тиіс және 2013 жылға дейін қолданылатын болады.