Өкілдік Басшысының Сәлемдесуі

Құрметті қонақ,

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің вебсайтына қош келдіңіз! Осы вебсайт ЕО барлық жаңалықтары және ЕО институттары мен саясаты туралы ақпаратты жылдам қолжетімді етіп, сонымен қатар ЕО пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар саласында болып жатқан барлық оқиғаларды, сондай-ақ біздің Өкілдіктің рөлі мен қызметін жариялайды.

Қазіргі уақытта ЕО-тың әлемдік сахнадағы рөлі, әсіресе 2009 жылы желтоқсанда Лиссабон шартының күшіне енуі және Еуропалық сыртқы істер қызметінің құрылуынан кейін, арта түсті. Аталғанөзгерістер арқасында бірауыздан үн қатысып, әлемдік әріптестермен тірлік етіп жатқан әлеміміздегі сын-қатерлерді шешу жолындағы ынтымақтастықты нығайта аламыз.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан өзінің тығыз әріптестігін мемлекет тәуелсіздік алған кезінен бастады. Тараптар 1993 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойды. Осыдан бастап сауда, экономика, көлік және қоршаған орта сияқты салалардағы біздің ынтымақтастығымыз жыл сайын кеңеіп, нығаюда. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторы мен сауда әріптесі болуы айрықша маңызды жетістік. Оған қоса, ЕО білім, ғылыми зерттеулер, азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы жастарға арналған жобаларды қаржыландыруда.

Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) – ЕО пен Қазақстан арасындағы қатынастар аясын айқындайтын негізгі құжат. Бүгінгі таңда Қазақстан мен ЕО өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын, жаңа кеңейтілген ӘЫК жасасу бойынша үдерісті қорытындылауда.

Мен бұл вебсайт ақпараттың бағалы көзі болатынына және ЕО пен Қазақстан арасындағы қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін. Сізге вебсайтымызға қызығушылық білдіргеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Егер де ескерту немесе сұрақтарыңыз туындаса, біздің Өкілдікпен байланысуыңызды өтінемін.

 

Ізгі ниетпен,

Траян Лауренцю Христеа

Елші, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы